Астанада көзі көрмей қалған науқасқа сәтті ота жасалды
дүйсенбі, 22 Январь 2024
Талдықорғаннан келген 53 жасар Гүлмира Байдалиева инсульттың салдарынан көру нервінің атрофиясына ұшыраған. Бір көзі 100% көрмей, екінші көзі тек 30% көретін болған. Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері бұл дерттің шешімін тауып, үлкен күрделі отаға бел буды. 15 сағаттық күрделі отаның нәтижесі оңды болып, науқастың көз жанары жақсарып, қалпына келе бастады.
Ота науқасқа тегін, яғни МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді. Науқас Орталықтан шығып, отбасымен үлкен қуанышпен қауышқалы жатыр.
Отаны Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Махамбетов, аталған бөлімшенің нейрохирург дәрігерлері Нұрсұлтан Махамбетов және Нұртай Нұрақай жүргізді. Сонымен қатар анестезиолог дәрігер Наталья Зудилина, анестезиолог мейіргер Сая Налибаева, операциялық мейіргерлер Салтанат Асманова және Арайлым Чамкарова қатысты.
Осы тақырыпты баяндап, арнайы жаңалықтар сюжетін дайындаған "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасына алғыс білдіреміз және сюжеттің сілтемесін назарларыңызға ұсынамыз: https://youtu.be/Avs1dFcEs7M?si=3n7DSlM26fWRauLo