Жүктіліктің 6,5 айлығындағы әйелден көлемді кисталық ісік алынып тасталды

сәрсенбі,  17  Январь  2024

Жас әйел Түркістан облысының тумасы жүктілік кезінде жиі бас ауруы, құсу, құрысуларға шағымданған. Дәрігерлер мидың МРТ тағайындады, онда көлемді кисталық ісік анықталды. Бұл жағдай Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің консилиумында талқыланды, онда нейрохирургия орталығы жағдайында жүкті әйелді жедел емдеу туралы шешім қабылданды. Әйел санавиация желісі бойынша орталыққа жеткізілді және оған Ұлттық орталықтың үздік мамандарымен операция жасалынды.

ҰНО профессоры, Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев атап өткендей, кейде жүктілік кезінде дәрігерлер болашақ ананың ең ауыр ауруларын анықтайды.   «Біздің орталықта мидың күрделі диагноздары бар жүкті әйелдерге операция жасалады, олардың арасында қатерсіз және қатерлі ісіктер бар. Бұрын осындай жағдайлар кезінде жүктілікті тоқтату керек болса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Ұлттық нейрохирургия орталығында жүкті әйелдерге операция жасалынып, операциядан кейін бала көтеруді жалғастыратын жағдайлар жиі кездеседі. Сондай – ақ, біздің Орталығымызда симультантты операциялар жасағанда, яғни екі бригада нейрохирургтар мен акушерлер жұмыс істегенде босанған бірнеше жағдай болды» - деп атап өтті Нұржан Рыскелдиев.
«Бұл пациентте ми бағанының қысылуымен оң жақ церебральды гемисфераның көлемді кисталық-қатты ісігі диагнозы қойылды. Кистаның мөлшері 5 см * 3,5 см-ге жетті. Кистаның миды қысып тастауы сәйкесінше пациенттің жағдайына әсер етті. Біз нейронавигацияны қолдана отырып, кистаны алып тастайтын микрохирургиялық операцияны жасадық. Операция сәтті өтті, пациенттің жағдайы жақсарды, барлық функционалдық және қозғалыс қабілеттері сақталды, пациент бала көтеруді жалғастыруда және шығуға дайындалуда"- деп бөлісті пациенттің емдеуші дәрігері, нейрохирург-дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.

Операция пациентке МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді. Операцияны Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Н.А. Рыскелдиев, нейрохирург дәрігер М.А.Тілеубергенов, анестезиолог дәрігер Р. А. Токшекенова, анестезиолог мейіргер А.С.Кариева, операциялық мейіргер Д.М.Мұратов жүргізді. Айта кету керек, жыл сайын Ұлттық нейрохирургия орталығында 4500-ден астам операция жасалады, оның 90% - ы МӘМС шеңберінде жасалады.



тiзiмге қайтару