Орталық туралы

2008 жылы – Орталықтың негізі қаланып, өз жұмысын бастаған кезі.

2009 жылы – Орталық базасында халықаралық қатысумен ҚР нейрохирургтарының I Съезді ұйымдастырылып, өткізілді.

Алғашқы ми қан тамырларының аневреизміне эндеваскулярлы операциялар мұрын қуысы жолдары арқылы жасалды. 17 жаңа технологиялар енгізілді.

2010 жылы – «Қазақ нейрохирургтары Ассоциациясы» ОО құрылды.

Ұлттық аккредитациядан сәтті өтті.

10 жаңа медициналық технологиялар енгізілді. Қаптамалы стенттерді қолдану арқылы алғашқы эндоскопиялық операциялар жасалды, эпидуральді және асқазан ішілік датчиктерді орнату басталды, омыртқа аралық дискілері жарықтарының лазерлік вапоризациясы, омыртқаға реконструктивті–тұрақтандыру операциялары жасала бастады.

2011 жылы – Орталық негізінде Нейрохирургтар қоғамдастықтарының әлемдік Федерациясының білім беру курстары өтті (WFNS).

Орталық Халықаралық ISO 9001-2000 сапа серификатын егеленді.

JCI алғашқы бағалауынан өтті.

6 жаңа медициналық технологиялар енгізілді.

Алғашқы рет омыртқаның дегенеративті ауруларын емдеу барысында TLIF және PLIF кейдж жүйесін қолдана отырып аз инвазивті операцияларын жасады, омыртқаның перкутантты транспедикулярлы фиксациясын жасады, омыртқа жарақаттары мен ауруларын микрохирургиялық жолмен емдеу басталды, үштік жүйкенің радиожиілік термодеструкциясы, медикаментозды резистентті қояншықты хирургиялқ жолмен емдеу басталды.

2012 жылы – ҚР нейрохирургтерінің халықаралық қатысушыларымен өткен 2-ші Съезі. 
Орталық медицина аясындағы «Сапасы үшін еуропалық Гран-при» жүлдесінің лауреаты атанды. Жаңа бағыт – функционалды нейрохирургия ашылды. Стереотаксистің көмегімен ми биопсиясының алғашқы операциялары жасалды.

3 жаңа технология енгізілді:

  •  стереотаксикалық жүйе қолданысымен аз инвазивті функционалды хирургиясы,
  •  бас сүйектің қиын, қол жетімсіз жерлерінде орналасқан ісіктерді аралас трансбазальді нтраоперациялық нейромониторинг арқылы алып тастау,
  •  ауырсынуды емдеу және қозғалыстың бұзылуы барысында жұлын нейростимуляциясын жасау.

2013 жылы (6 ай) – Халықаралық Біріккен комиссия (JointCommissionInternational) аккредитациясынан өтті.

JCI аккредитациясы «алтын белгі» болып табылады және одан сәтті өту медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін әлем объективті түрде мойындады деген сөз.

Орталық базасында Нейрохирургиялық қауымдастықтардың Еуропалық Федерациясының білім беру курстары өтті (EANS).

2012 жылдың Ұлттық бизнес-рейтингі қорытындысы бойынша алтын рейтингті егеленді.

Паркинсон, дистония, эссенциальді тремор ауруларын емдеу барысында мидың терең нейростимуляциясы жаңа технологиясын енгізді.