Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
  +7 (701) 062-11-00

       (What'sapp чат 08:00-17:00)




ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

СҰРАҚ-ЖАУАП

Инсульт дегеніміз не?

Инсульт – бұл ми жасушаларының өлімінің қайтымсыз процестеріне әкелетін ми қан айналымының жіті бұзылуы.
Инсульт негізгі екі түрге бөлінеді: ишемиялық және геморрагиялық. Ишемиялық инсульт кезінде оны қоректенетін артерияның бітелуі нәтижесінде ми аймағының өлімі орын алады. Ал геморрагиялық инсульт кезінде тамырдың жарылуы нәтижесінде миға қан кету пайда болады.
Пациент медициналық көмекке неғұрлым тез жүгінсе, инсульттан сәтті емделу және қалпына келтіру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Ишемиялық инсульт түрінде арнайы тромболизис терапиясын өткізуге пациенттің медициналық көмекке уақытылы жүгінуіне байланысты және «терапевтік терезе» деп аталатын кезеңде ғана мүмкін болады - бұл инсульттің алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап алғашқы 4,5 сағат.
Инсульттің алғашқы белгілерін анықтау үшін өте қарапайым, бірақ сенімді тест бар, оны NEW-FAST test (ағылшын тілінде) деп атайды, бұл келесі белгілердің кенеттен пайда болуын білдіреді:
N – Nausea/Vomiting - жүрек айнуы және / немесе құсу;
E-Eyes – Көз - қос көздену, көру өрісінің бұзылуы, біржақты кеңістіктік елемеу (неглект синдромы) және / немесе нистагм (көздің еріксіз тербелмелі қозғалысы);
W-Walking – Жүру - бас айналу салдарынан жүрудің бұзылуы;
F-Facial droop –Беттің жартысының қисаюы- бұл бет асимметриясының кенеттен пайда болуын білдіреді;
A-Arm Weakness – Қолдың әлсіздігі - бұл дененің бір жағындағы қолдың және/немесе аяқтың әлсіздігі, бір жағынан сезімталдықтың төмендеуі;
S-Speech – Сөйлеу - бұл сөйлеудің бұзылуын білдіреді (сөйлеу түсініксіз, шатастырылған және / немесе мүлдем жоқ);
T-Terrible Headache / Dizziness – Қатты бас ауруы / бас айналу - бұл дененің отыру, тұру немесе жатқандығы жағдайына қарамастан, қатты бас ауруы немесе бас айналудың кенеттен пайда болуын білдіреді.
Егерде осы белгілердің кем дегенде біреуі болса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет.

тiзiмге қайтару