Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Алғашқы және метастаздық ісіктер

Омыртқаның алғашқы және метастатикалық (қайталанатын) ісіктері.

Омыртқа ісіктері алғашқы және қайталанатын, яғни метастатикалық болып екіге бөлінеді. Алғашқы ісіктер аталық және аналық болуы мүмкін. Ісіктің кез келген түрі омыртқаның бітімін бұза отырып, оның беріктігіне нұқсан келтіреді, нәтижесінде қатты неврологиялық бұзылумен қабыса дамитын патологиялық сыныққа әкеледі. Скелеттің метастатикалық, яғни қайталанатын, ісіктері алғашқы ісіктерге қарағанда 2 – 4 есе жиірек кездеседі және өкпе және бауыр обырынан соң ісіктің метастатикалану жиілігі бойынша 3-ші орынға ие. Омыртқаның аналық, аталық және метастатикалық зақымдануы бойынша ара қатынасы келесі:

  • Алғашқы аналық ісіктер - 1%
  • Алғашқы аталық ісіктер – 3%
  • Метастатикалық ісіктер – 96%

Омыртқаның ең жиі кездесетін аналық ісік түрі болып гемангиомаал жиі кездесетін екінші кезекте қайталанатын аталық ісік – метастатикалық ісіктер мен миеломды ауру табылады.

Омыртқаның метастатикалық зақымдануы ісік жасушаларының басқа ағза мүшелерінен қанмен немесе лимфамен омыртқаға өтуі салдарынан болады. Әдетте метастаздардың алғашқы көзі болып өкпе, сүт безі, бауыр тағы басқа ағза мүшелерінің ісіктері табылады. Аналық ісікпен сырқаттанған адамдардың 40% омыртқада ісіктің қайталануын басынан кешіреді. Ал 20% жағдайда омыртқаның зақымдануы қандай да бір обыр ауруының көзі болып табылады. Метастатикалық ісіктердің ошақтары жиі омыртқа бөліктерінде орналасады, тек 15% жағдайда ғана одан тыс және омыртқа каналына орналасады.

Белгілері

Жұлын ісіктерінің дамуы жүйке талшықтарының қысылуы нәтижесінде пайда болатын омыртқадағы ауырсыну белгілерімен анықталады. Ауырсыну сипаттары әртүрлі болады: миозит, радикулит, невралгия, т.б. аурулардың сипатына ұқсас келеді, сол себепті ауырған адамдар алдын ала рентгенге түспестен бірден невропотологқа медициналық көмек сұрап барады. Ісіктің дамуы барысында дененің түрлі бөліктері жансызданады, ал кей кездерде керісінше аса сезімталдыққа ұшырайды. Бұлшық еттерінің ұстамалары пайда болып, аяғы сал болып қалуға дейін апарады. Егер ісік омыртқаның бел тұсында пайда болған болса дәрет сындыру мен жыныс мүшелерінің функциялары бұзылады.

Омыртқаның метастатикалық зақымдануының нақты клиникалық белгілері жоқ, ал неврологиялық түрлерінде омыртқа мен жұлынның өзге де патологиялық жағдайларынан еш айырмашылығы болмайды, сол себепті, жоғары дәрежелі белгілі алғашқы ісігі бар сырқат адамның сүйектерінде қатты ауырсыну болған жағдайда скелеттің метастикалық зақымданғандығын болжауға болады.

Емдеу әдістері:

1. Жұлын және омыртқада пайда болған көлемді ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау

2. Омыртқа бөліктерінің арасындағы кейдждер мен басқа да имплантанттар, транспедикулярлы конструкциялар арқылы декомпрессивті-тұрақтандырғыш операциялар жасау арқылы

3. Вертебропластика

4. Зақымданған сегменттің тұрақтандырылуымен сипатталатын бір мезеттік резекция