Жұлын миының экстра және интрамедуллярлы ісіктері
Жұлынның экстра және интрамедуллярлы ісіктері.
Клиникалық тұрғыдан жұлынның ісіктері орналасқан жердің мидың қатты қабатына қатынасына орай үш негізгі топқа бөлінеді: интрадуральды-экстрамедуллярлы, интрамедуллярлы және экстрадуральды.
Интрадуральды-экстрамедуллярлы ісіктер жұлын қабатында, жұлыннан шығатын шваннома, нейрофиброма, эпендимоманың терминалды жібі жүйке талшықтарының шеттерінде пайда болып, дамиды (менингиомалар). Менингиома әдетте аталық болғанымен, оларды алып тастау біршама қиындықтар туғызады және қайталануға бейім. Жүйке талшықтарының ісіктері де аталық болып келгенімен, нейрофибромалар уақыт өте аналық ісікке айналады. Жұлын эпендимомасының терминальды жібі үлкен мөлшерлерге дейін жетуі мүмкін, ал оның емделуі осы аумақтағы нейрондық құрылым қатынасының күрделі сипаты нәтижесінде біршама қиындықтар туғызады.
Интрамедуллярлы ісіктер жұлын ішінде немесе жекелеген жүйке талшықтары ішінде өседі, әсіресе мойын тұсында жиі кездеседі. Әдетте олар глиальды және эпендимальды жасушалардан дамиды. Астроцитома және эпендимома аталмыш ісіктің ең көп тараған түрлері болып табылады. Олар әдетте аналық болып келеді, дегенмен оларды алып тастау қиындық тудырады. Интрамедуллярлы липомалар – жұлынның арқа тұсында пайда болып, дамитын сирек кездесетін туа бітті ісіктер.
Экстрадуральды зақымданулар, әдетте, обыр метастаздары немесе шваномалармен жүйке қабығының ұштарынан шығатын байланысты. Кей жағдайларда экстрадуральды ісіктер омыртқа сүйектерінің арасы арқылы таралып, бір бөлігі омыртқаның ішкі жағында, екінші бөлігін сыртқы жағына орналасады ("құмсағат" түрі бойынша).
Белгілері
Жауырынның ауырсынуы, әсіресе, орта немесе төменгі жақтарындағы ауырсыну жұлынның аналық және аталық ісіктерінің ең жиі кездесетін белгілері болып табылады. Бұл ауырсынулар жарақатпен, стресспен немесе физиологиялық белсенділікпен байланысты емес. Дегенмен, ауырсыну сезімі қозғалыс кезінде немесе түгі уақытта күшеюі мүмкін. Ауырсыну жауырыннан тыс жерлерге: бел, балтыр, өкше немесе қолға берілуі мүмкін және уақыт өткен сайын ісікке қатысы жоқ аурулар салдарынан арқа, жауырын ауырғанда қолданылатын консервативті, хирургиялық емес әдістермен емдегеніне қарамастан күшеюі әбден мүмкін. (радикулиттер, люмбалгия және т.б.).
Ісіктің орналасқан жері мен түріне қарай зақымданудың басқа да белгілер болады, әсіресе, аналық ісіктің көлемі ұлғайып, жұлынды қысымға ұшыратса, жүйке талшықтары қан тамырларына немесе омыртқа сүйектеріне еніп өседі. Ісіктің жұлынды қысуы аса күрделі қиындықтарға әкеліп соғады. Ондай жағдайда келесі белгілер көрініс беруі мүмкін:
- Аяқ, қол немесе кеудеде сезімталдық бұзылады.
- Қозғалыс қиындығы, ебедейсіз қимылдау.
- Ауырсыну, ыстық, суыққа сезімталдықтың әлсіреуі немесе жоғалуы.
- Ішек құрылысы және қуық қызметінің бұзылуы.
- Ағзаның әртүрлі мүшелерінің жұлын немесе жүйкенің зақымдану дәрежесіне орай сал болып қалуы.
- Көлемі үлкен аналық ісік пайда болуының нәтижесінде омыртқаның сколиоз немесе өзге де деформациясының болуы.
Емдеу әдісі:
1. Жұлын және омыртқадағы көлемді ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау.
2. Денеаралық кейдж немесе өзге деимпланттар, транспедикулярлы конструкцияларды қолдану арқылы декомпрессивті-тұрақтандырғыш операциялар жасау