Спондилолистез— спондилолиз (омыртқа доғасының өз денесіне туа бітті кірігіп кетпеуі) нәтижесінде омыртқаның алға қарай жылжып кетуі немесе омыртқа аралық дискілердің дегенеративтік өзгерістерімен сипатталатын омыртқа ауруы.
Спондилолистез омыртқаның кеуде тұсына қарағанда неғұрлым көбірек қозғалатын және тігінен барынша салмақ түсетін омыртқаның мойын және бел тұсындағы омыртқа бөліктерінде жиі кездеседі. Аурудың пайда болу себіне орай спондилолистезді бес түрге бөледі:
1. Диспластикалық спондилолистез (туа бітті ауытқушылықтың сирек кездесетін түрі) –крестті омыртқалар және бесінші бел омыртқасы негіздерінің дамуының ауруы (доға, омыртқа етегінің дефектісі);
2. Истмикалық немесе спондилолизді спондилолистез (спондилолиз) – омыртқа доғасы немесе бітпей қалған стрессті сынық пен өзара біріктіргіш тыртықты тіннің бітісіп өсуінің нәтижесінде пайда болады (ұзақ уақыт шамадан тыс салмақ көрету нәтижесінде болатын немесе спортпен шұғылдану барысында қатты әрі серпінді қозғалыс нәтижесінде болға сынықтар);
3. дегенеративті (инволютивті) спондилолистез – омыртқа буынындағы артриттік өзгерістер, омыртқа аралық дискілерінің созылуы, жұқаруы немесе дегенерациясы(остеохондроз), әдетте егде жаста дамиды;
4. жарақатты спондилолистез – омыртқаның етегі, доғасының пластинкалары немесе фасеттік буындарының сынығынан пайда болған тікелей жарақаттары;
5. патологиялық спондилолистез – ісік нәтижесінде пайда болған сүйектегі дефект.
Белгілері
Бел тұсында – салмақ түскен кезде күшейетін және аяққа тарайтын жергілікті ауырсынулар, аяқтардың әлсіреуі және сезімталдығының, жамбас қызметінің, жүрістің бұзылуымен сипатталады.
Мойын тұсында — салмақ түскен кезде күшейетін жергілікті ауырсынулар, кейін қолға тарайды, қолдардың жансыздануы мен әлсіреуі, бастың айналуымен сипатталады. Бірқатар жағдайларда аяқ қозғалысының және жамбас мүшелерінің қызметтері бұзылады.
Емдеу әдістері
1. Омыртқаның перкутантты (тері арқылы) транспедикулярлы фиксациясы
2. Омыртқаның динамикалық тұрақтандырылуы
3. Транспедикулярлы конструкциялар, дене аралық және өзге де импланттар қолдана отырып декомпрессивті-тұрақтандырғыш операциялар жасау арқылы
4. Ламинопластика