Омыртқа остепорозы – бұл аурудың барысында сүйек өзінің беріктігінен айырылып, нәзік әрі сынғыш болады. Сүйек массасының сынуы аяқ астынан болады және оның сынғыш, нәзік қалып алуы тек омыртқа немесе жамбас сүйектері сынғаннан кейін ғана белгілі болады.
Остеопороз әдетте ағза жұмысының қандай да бір бұзылуы салдарынан пайда болады. Бұл ауру түрімен әсіресе орта жастағы әйел жыныстылар ауырад. Жалпы жағдайдың 1/3 осы жастағы әйелдерде кездеседі. Егде жастағы остеопороз 70 жастан асқан соң әйелдер мен ер адамдарда бірдей жиілікте кездеседі. Созылмалы ауру түрлері бар адамдарға:
- эндокриндік – (инсулинге тәуелді қант диабеті),
- кальциді сіңіру жұмысының бұзылуымен дамитын асқазан, ішек жолдары аурулары ,
- бауыр, бүйрек және қан аурулары,
· кейбір медикаменттерді қабылдайтын адамдарға (стероидты гормондар, тиреоидтыгормондар, тетрациклин, гепарин және т.б.) – остеопороз қауіпі олар үшін басқалармен салыстырғанда зор екендігін білуі тиіс.
Бұл аурудың ең танымал белгісі ауыратын адамаға маза бермейтін бел тұсындағы және омыртқа бөлігіндегі ауырсынулар табылады. Жиірек омыртқа остеопорозы кезінде жамбас, бел буындарына да беріледі. Сирек жағдайда ауырсыну белгілері кеуде тұсында да болады. Омыртқа остеопорозымен ауыратын адамда омыртқаға қол тигізгенде, яғни сипағанда немесе қолды батырғанда ауырсыну байқалады. Бұндай жағдайда жауырын бұлшық еттері тітіркенгіш келеді. Бұған қоса дененің қисаюымен сипатталады. Сонымен қатар белдің айналасындағы теріде әдетте майда қыртыстар пайда болады.
Емдеу түрлері:
- Вертебропластика
- Кифопластика
- Орта кортикальды бел фиксациясы