Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Омыртқа аралық дискілердің жарықтары

Омыртқа аралық дискілердің жарықтары – омыртқа аралық дискісінің фиброзды сақинасының деформациясы, яғни, омыртқа аралық дискісінің фиброзды сақинасына қөрсетілген қысымның  әсерінен ядроның кішкене бөлігі шығып тұрады. Бұл ауру 25 тен 45 ке дейінгі жастағы адамдарда жиі кездеседі, ал, балаларда тым сирек кездеседі.  Омыртқа аралық дискілердің жарықтары – остеохондроздың ең көп таралған және қиын түріне жататын, кейде уақытша жұмыс істеу қабілетінен айыратын, ал кей жағдайларда тіпті арты мүгедектікке соқтыратын тірек-қозғалмалы аппаратының аса қауіпті және күрделі ауру түрі болып табылады.

Белгілері

Омыртқа аралық жарығы созылмалы түрде қайталанатын және бел тұсындағы омыртқа бөлігінің қатты ауыруы, кейін ол ауырсыну сезімінің аяқ қолдарға берілуіне әкеп соғады. Терінің кейбір жерлері шаншып, жансыздануы мүмкін. Жарықтың белгілері онық орналасқан жері мен бұл ауытқушылық процесске тартылған тіндердің көлеміне орай сан алуан болуы мүмкін.  Кейбір жағдайларда ауру омыртқаның бел тұсындағы бөлігінде әлсіз ғана сезілуі мүмкін. Дамуы барысында жарық жүйке талшығы ұштарын қысып, нәтижесінде адамның аяқтарында қатты және үнемі ауырсыну сезімі пайда болады және бұл қозғалыс барысында күшейеді. Сезімталдылықтың бұзылуы, бұлшық еттердің әлсіреуі, парестезия жүйке талшықтарынан аяқтарға (немесе керісінше) импульстің дұрыс берілмеуінің нәтижесінде болады.

Емдеу түрлері

1.     Транспедикулярлы конструкцияларды, дене аралық кейдждер және өзге де импланттарды қолдану арқылы декомпрессивті-тұрақтандырғыш операциялар жасау.  

2.     Омыртқа дискісінің жарығын лазерлік вапоризациясы.

3.     Омыртқа дискісін  эндоскопиялық жолмен алып тастау.

4.     Омыртқа жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау

5.     Омыртқаның динамикалық стабилизациясы

6.     Люмбалгия барысында фасеткалық жүкелердің радиожеліліктермодеструкциясы