Омыртқа және жұлын миы аурулары
Халықтың 80% омыртқаның әртүрлі бөліктеріндегі ауырулардан азап шегеді. Олардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы консервативтік емнің сәтсіздігінен кейін, хирургиялық жолмен емделеді. Ауырудың себептері омыртқаның дегенеративті өзгерістері, жарақаттар мен жұлын ісіктері салдарынан болады. Осы патологиялардың әрқайсысы сал және мүгедектікке әкелуі мүмкін. Заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді ендірудің арқасында бұрын операция жасауға болмайтын патологиялық жағдайлардың бірқатарымен күресу шындыққа айналды. Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінде омыртқа патологиясы, жұлын және шеткі жүйке жүйесі кезіндегі хирургиялық араласулардың барлық спектрі жетекші әлемдік клиникалардың деңгейінде жүзеге асырылады. Орталық мамандарының үнемі біліктіліктерін жоғарылатуы, алдыңғы қатарлы медициналық ғылым мен инновациялық технологиялардың жетістіктеріне басшылық етуі - сәтті жасалған операциялар мен емдеу нәтижелерінің кепілі болып табылады.