Мидың паразитарлық зақымдануы
Мидың паразиттік ауруларына цистицеркоз және эхинококкоз жатады.
Цистицеркоз – шошқа таспа құрты дернәсілдерінің адамның орталық жүйке жүйесінде инвазиялық ауру туғызуы. Асқазанның сілемейлі қабығы арқылы ағзаға енетін паразиттің (онкосфера) таралуы қақпалық веналық жүйенің қантамыр жүйелері және үлкен қанайналымында орын алады. Цистицерк (финнозы) - қабырғасының құрылымы үшқабаттан және іші мөлдір сұйықтықтан тұратын көпіршік. Көпіршік айналасында мида реактивті капсула, қашықтау жерлерінде – уытты васкулиттердің басымдығымен диффузиялық қабыну қалыптасады. Жекелеген және тармақты (жүзімдік) цистицерктер болып бөлінеді. Көбіне мидың жұмсақ қабығы мен қабықтың сыртқы қабатында жиі орналасады. Ми қарыншаларының цистицеркозы сирек кездеседі.
Эхинококкоз - орталық жүйке жүйесінің эхинококкоз дернәсілдерімен (финнозы) зақымдалуы. Эхинокок онкосферасының адам ағзасындағы таралуы шошқа таспа құрты сияқты өрбиді. Эхинококктың екі түрі бар: біркамералы немесе гидатида (көптеген ұсақ сулы көпіршік) және көпкамералы немесе альвеолалы (ұяшықты). Біркамералы эхинококк қабырғасы сколекс (бекінгішбас) орналасатын ішкі ұрық қабатынан және сыртқы хитин қабықшасынан құралады. Жылауық қуысы шайыртас қышқылы мен басқа да компоненттердін тұратын сарғыш сұйықтыққа толы болады. Паразит мөлшері әртүрлі, үлкен алма көлеміндей болуы да мүмкін. Көпкамералы эхинококк аралық дәнекер тінмен бір түйінге біріктірілген шағын көпіршіктердің ретсіз жинағынан құралған кездейсоқ қосынды. Көбіне үлкен жарты шардағы ми қыртысының ақ затында орналасады, ми қарыншаларында сирек кездеседі. Паразит айналасындағы ми тінінің перифокальды реакциясы айқын, әсіресе көпкамералы эхинококк кезінде.
Белгілері
Мидың паразиттік ауруларының клиникалық сипаты ісік клинкасының сипатына ұқсас. Цистицеркоз кезінде бастың ұстамалы аурулары, жүрек айну, құсу, эпилепсиялық ұстамалар болуы мүмкін. Кейбір кезде өздігінен пайда болатын және кенеттен қоятын елесті жағдайлар түрінде психиканың бұзылуы орын алады. Ми қарыншаларының цистицеркозында бассүйекішілік қысым жоғары болады. Эхинококкоз кезінде бастың ауруы, бастың айналуы, құсу байқалады. Салдану, парездер, психикалық бұзылыстар, құрысу ұстамалары болуы мүмкін. Мидың паразиттік зақымдануларына күдік туындағанда жұлынми сұйықтығын зерттеуден тұратын мұқият жүргізілетін, нақты диагностика қажет.