Обырдың мида метастазиялануы жиі кездесетін обырдың дамыған түрі. Соңғы популяциялық зерттеулер нәтижксіне сүйенсек, обырмен ауыратын ересек адамдардың 20% да обыр ісігі мида метастазцияланады. Жоғарыда айтып кеткендей обырдың мида метастазиялануы обырдың күрделенген түрі. Мидағы матастаздарды алғашқы анықтау жиілігі обыр ісігінің типіне сай біршама вариабельділікпен ерекшеленеді; әсіресе өкпе обыры жиілігі байқалады (20%), сонымен қатар меланомада (7%), бауыр обыры (6,5%), сүт бездері (5%) және колоретальді обыр жиілігі байқалады (1,8%). Обырдың мида метастазиялануының сирек кездесетін кезі простата обыры, әйелдердің жыныс мүшелерінде аналық обыр ісіктері пайда болған кезде, бас пен мойын тұстарында обыр пайда болғанда, сонымен қатар терінің мелантозды емес обыры кезінде.
Белгілері
Мидың метастатикалық зақымдануы ошақты және жүйелі деп екіге бөлінеді. Гемипарез, афазия сынды мидың ошақты метастатикалық зақымдану барысында көру аясының тарылуы, ісіктің орналасқан жеріне қарай вариабельділігінің ерекшелігі сияқты белгілер береді. Зақымданудың жүйелі түрінде бас ауруы, сананың тұмандануы (ойлау қабілетінің тежелуі, кома, есінен тану), жүректің айнуы және құсу сынды белгілері бас қысымының көтерілуі немесе гидроцефалия салдарынан болады. Мидың паравентрикулярлы бөлігінің метастатикалық зақымдануы 1П және IV ликвордың қалыпты қызметінің бұзылуына себеп болып, обструктивті гидроцефалияның дамуына әкеп соғады. Обструктивті гидроцефалия ісік бас сүйегінің артқы жағына орналасқан кезде айқын байқалады. Бас қысымының көтерілуінен немесе гидроцефалияның болатын бас ауруларының төмендегідей сипаттары болады:
· Таңертеңгілік және жатқан кезде абас ауруы күшейеді;
· Жүректің айнуы және құсу;
· Жөтелгенде немесе қобалжығанда бас ауруы күшейеді;
· Сананың тұмандануы немесе ұмытшақтық болуы мүмкін.
Қан қысымының көтерілуі көру жүйкесі дискісінің ісуімен көрініс береді, дегенмен бұндай айқын белгі болмаса, қысым жоқ деген сөз емес.
Емдеу тәсілі:
Эндоскопиялық ассистенцияның көмегімен интраоперациялық навигацияны қолдану арқылы мидағы ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау.
Мидағы ісікті интраоперациялық неромониторигті қолдану арқылы алып тастау.