Гипофиз ісіктері бездің алдыңғы (аденогипофиза) немесе артқы (нейрогипофиза) жағында орын алатын, әдетте аталық, сирек жағдайда аналық болып түзіледі. Гипофиз ісіктері статистикаға сай бассүйек ішіндегі пайда болатын ісіктердің 15% құрайды. Бұл ісіктер жыныс еркшелігіне қарамастан 30-40 жас аралығында бірдей дамиды.
Белгілері
20% емделушілерде гипофиз ісіктері байқалмай дамып, тек аутопсия деңгейіне жеткенде ғана сыр береді. Гипофиз ісіктерінің клиникалық пайда болуы қандай да бір гормонның гиперсекрециясының салдарына немесе аденоманың өсу жылдамдығының салдарына байланысты. Гипофиз ісігінің ұлғаюына сай эндокриндік және жүйке жүйесі тарапынан ауру белгілері пайда болады.
Ісіктің ұлғаюы жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді, себебі, анатомиялық тұрғыдан гипофиз көру жүйке талшықтарының қиылысымен (хиазм) көршілес орналасқан, яғни аденома көлемі 2 см ұлғайған кезде көру нашарлайды, себебі, көру ауқымы тарылады, көру жүйке талшықтарының ұштары және оның атрофиясы іседі, ол көру деңгейін зағиптыққа дейін алып баруы мүмкін. Үлкен көлемді гипофиз аденомалары бассүйек жүйкесінің қысымын тудырады, бұл жағдайда жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері пайда болады, яғни бас ауруы, көрудің нашарлауы, птоз, нистагм, көз қарашығының қозғалысының шектелуі, судорогалар, мұрынның бітуі, деменция және тұлғаның өзгеруі ; бассүйек іші қысымының көтерілуі; жүрек -қан тамырлары жеткіліксіздігін шақыратын гипофизге қан құйылуы т.б. Бұл процесске гипоталамус ауытқуы қосылған жағдайда адам санасында да ауытқулар болуы мүмкін.
Гипофиздің аналық ісіктері өте сирек кездеседі.
Классификациясы
Гипофиз ісіктері олардың көлемін, анатомиялық орналасуын, эндокридік функцияларын, микроскопиялық түстерін т.б. ескере отырып классификацияланады. Ісіктердің мөлшеріне қарай гипофиз аденомалары микроаденомалар (диаметрі 10 мм кіші) және макроаденома (10 мм -ден үлкен) деп бөлінеді. Бездің орналасуына қарай аденогипофиз және нейрогипофиз деп бөлінеді. Гипофиз ісіктері "түрік ершігі» топографиясына және оның құрылым ортасына қарай эндоселлярлы («түрік ершігі» сыртында) және интраселлярлы («түрік ершігі" аумағында) деп бөлінеді.
Гипофиз ісігінің гистологиялық құрылымына қарай аталық және аналық аденомалар деп бөлінеді. Аденомалар гипофиздің алдыңғы жағындағы безді тіннен пайда болады. (аденогипофиз).
Функционалды белсенділігіне орай гипофиз ісіктері гормоналды – енжар («үнсіз», инсиденталомдар) және гормоналды-белсенді аденомалар (гомондар бөлетін) жалпы жағдайдың 75% қамтиды.
Қауіп факторлары
Гипофиз ісіктерінің пайда болуының нақты себептері әлі дұрыс зерттелмеген, дегенмен, аденомалардың кейбір түрлерінің тұқым қуалаушылықпен тікелей байланыстылығы белгілі. Гипофиз ісіктерінің қарқынды дамуына әкеліп соғатын факторларға нейроинфекциялар, созылмалы синуситтер, бассүйек, ми жарақаттары, гормоналды ауытқулар (оның ішінде ұзақ мерзім гормоналды препараттар қолданған кезде), жүктілік кезінде құрсақтағы балаға қандай да бір жағымсыз әсерлер болған жағдайлар жатады.
Емдеу түрлері
- Интраоперациалық нейромониторингты қолдану арқылы аденомаларды микрохирургиялық жолмен жою.
- Нейронавигациялық интраоперациялық жүйені қолдану арқылы трансназалды трансфеноидалды жолмен эндоскопиялық биопсия жасау жолымен емдеу.