Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Ми тамырларының каротидтік—каверналы сағалығы

Ми қан тамырларының каротидты-кавернозты ұштасуы - кейін пайда болатын (яғни, туа бітті емес) бас сүйек тамырларының аномалиясы, бұл кезде ұйқы артериясы мен оның қандай да бір тармақтарының және үңгірлі синустары арасында пайда болатын патологиялық қатынас, ол арқылы артериядағы қан венозды жүйеге құйылады. Ұйқы артериясының жыртылып, кавернозды синусқа құйылуы қандай да бір жарақаттармен немесе атеросклероз, артериальді гипертензия салдарынан, сирек жағдайда инфекциялық процесстер кезінде болады. Жарақаттық жыртылулар бас зақымданған кезде артерияға гидравликалық соққылардың болуы салдарынан және сырқы тікелей механикалық әсер салдарынан болады (мысалы, бас сүйек негізі сынған кезде, бас сүйек жарылғанда).

Артериальды қан үлкен қысым нәтижесінде үңгірлі синустарға, сосын венадағы қанның ағысына қарсы жүріп, вена синустарына құйылады.Ұштасу көлемі үлкейген сайын синустарға қан көбірек құйылып, алдыңғы және ортами атерияларына қанның құйылуы азаяды. Уақыт өткен сайын вена арқылы қан айналымы ұштасу жағына қарай құйылып, синустарды дренирлейді, нәтижесінде артерия қанының ретроградты кері ағыны пайда болып, миға қан тиісті мөлшерде жетпейді. Венозды ағын бұзылып, көз айналасы мен мида тұрып қалуы болады. Синустың өзі созылып, көлемі ұлғаяды, одан өтетін — III, IV, VI жүйкелері және V үштік жүйкесінің бірінші тармағы қысымға ұшырайды.

Белгілері

  • аневризмалық шу (поез шуы секілді);
  • тамырдың соғуымен үйлесетін экзофтальм;
  • бет венасының кеңеюі және дірілі;
  • көз айналасына қанның жиналуы, конъюнктивтің ісуі (хемоз);
  • көз қысымының ұлғаюы;
  • көз қарашығы қозғалысының бұзылуы;
  • диплопия;
  • жоғарғы қаьбақтың төмен тартуы (птоз).

Емдеу тәсілдері

  1. Каротидты-кавернозды ұштасуды эндоваскулярлы емдеу