Бас және жұлын миы тамырларының артерия-веналық фистулдары
Жұлын мен ми қан тамырларының артериовенозды фистулалары- артерия мен вена арсындағы патологиялық қатынас тамыры, оның бойымен капиллярлы желіге жолықпастан қан ағады.
Артеровенозды фистулалардың дамуының бірнеше себебі бар. Олардың кейбіреулері тамырдың қалыпты дамуын өсуін қамтамасыз ететін тұқым мутациясына байланысты туа бітті болады. Олар белгілі бір тұқым қуалаушы аурулардың салдарынан болуы мүмкін, мысалы Рандю—Ослер—Вебер ауруы.
Кейін пайда болған фистулалар бір біріне жақын орналасқан артерия мен вена жарақаттары салдарынан пайда болады (мысалы, пышақ немесе оқ жарақаты, өзге де жарақаттар, операциялар, мүшенің пункциялық биопсиясы). Әдетте фистула кенет пайда болады немесе тамыр жарақаттануынан кейін бірнеше сағаттан соң түзіледі. Кейде фистула жасанды жолмен жасалады, мысалы, гемодиализ жасау үшін.
Белгілері
Мида орналасқан фистулалар түрлі белгілер тудырады. Олардың ішінде – бас ауруы, құлақтың шулауы (тамыр соғуының жиілігімен бірдей), көру мен көз қозғалысының бұзылуы және көздің қызаруы пайда болады. Қан құйылу дамыған кезде қатты бас ауруы, бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу орын алады. Нәтижесінде мидың және бас сүйек-ми жүкелерінің қызметтері бұзылады, бұл сал болу, сөйлеудің бұзылуы, жүрістің шектелуі, естен тану сынды белгілермен анықталады.
Туа бітті артериовенозды фистулалар әдетте адамның бет әлпетінен байқалады (жақын жердегі тері түсінің күңгірт тартуы, адам күйінің мазасыздығы).
Егер үлкен көлемді артериовенозды фистуланы уақытылы емдемесе нәтижесінде қысыммен артериядағы қан венаға өтеді. Вена қабаты артерияның қабатындай күшті емес, сол себепті қатты қан ағынынан еһкеңіп, оның беті зақымданады, бұл варикозға және оның тромбозына әкеліп соғады. Осының салдарынан жүйелі артериальді қысым азайып, есесіне жүрек қағуының компенсаторлық жиілігі көбейеді, уақыт өте келе бұл жүрек жетіспеушілігіне әкеліп соғады.
Емдеу түрлері
1. Қан тамырлары ауытқуларын микрохирургиялық жолмен кесу (АВМ, артеривенозды фистулалар)
2. Қан тамырлары патологиясының жапсырғыш заттармен эндоваскулярлы эмболизациясы(артериовенозды мальформация, артеривенозды фистула).