Ми және жұлын миының артерия-веналық мальформациялары

Артериовенозды мальформациялар (АВМ) - тұқым қуаламайты, туа бітті ми қан тамырлары жүйесінің ауытқушылығ болып есептеледі және түрлі пішінді әрі түрлі көлемді болады. Қан тамырларының патологиялық шатасуынан пайда болады. Артерио-венозды мальформацияларда әдетте капиллярлы желі болмайды, нәтижесінде артерия бассейнінен қан тікелей қосымша және терең тамырларға шунтирленеді. Бұл қан айналымының екі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, нәтижесінде мидың қалыпты тіндеріндегі қан айналымы азайып, бұл мидағы ишимиялықжәне дегенеративтік белгілердің көбеюіне әкеліп соғады.

Уақыт өте АВМ-ден аневризмалар қалыптасады. АВМ әдетте мида пайда болады, сонымен қатар ол жұлында да пайда болуы мүмкін. АВМ жатыр ішінде дами бастауы әбден мүмкін. Жас ұлғайған сайын ол болжаусыз өседі.

Белгілері

  • Миға қан құйылуы; бұл ең кө тараған белгісі;
  • Ұстамалар- барлық жағдайдың 20% -25% кездеседі;
  • Бас ауруы. Бұл да кең таралған белгілердің бірі, жалпы жағдайдың шамамен 15% кездеседі.
  • Бұлшық ет әлсіздігі;
  • Дене мүшелерінің сал болып қалуы (қозғалыстың шектелуі);
  • Бастың айналуы;
  • Мақсатты қозғалыстарды орындай алмауы - апраксия;
  • Координацияның жоғалуы, әсіресе жүріс кезінде - атаксия;
  • Қан айналымы дыбысының бұзылуы. Бұл дыбысты, кейде шу деп те аталады, стетоскоптың көмегімен анықтауға болады. Бұл артериовенозды мальформация кезінде артерия мен венадан қанның қатты ағыспен келуінен туындайды.
  • Арқадағы кенеттен пайда болатын қатты ауырсыну сезімдері;
  • Сөлеу мәнерінің бұзылуы немесе сөзді түсінудің қиындауы;
  • Сезудің жоғалуы (есту, дәм сезу, сипап сезу);
  • Көрудің нашарлауы;
  • Естен тану;
  • Ойлау қабілетінің қиындауы немесе сананың тұмандануы;
  • Галлюцинациялар (елестер);
  • Ақылсыздық.

Артериовенозды мальформациялар ми мен жұлынды біршама зақымдауы мүмкін, себептері:

  •  Миға жететін оттегі мөлшерінің азаюы;
  •  Жүйке жұйесі тіндерге қан құйылуының пайда болуы, сонымен қатар ми мен жұлын тіндеріне;
  •  Жұлын немесе мидың бөлігінің қысымға ұшырауы немесе орнынан қозғалуы.

Туындайтын қиындықтар: Миға қан құйылу кеңіп кеткен қан тамыры жарылып кетсе немесе аневризм АВМ жарылған кезде болады. Бұндай қан кету адам өміріне қауіпті. Қан құйылудың кез-келген түрімен зақымданған адамдардың төрттен бір бөлігі өледі, ал, әрбір үшіншісі мүгедек болып қалады. АВМ салдарынан қан құйылудың болу қаупі жыл сайын 4% құрайды.

Дегенмен кейбір АВМ ешқешен қанамайды. Қан құйылудың аса үлкен қаупі 40 - 55 жастағы сырқаттарда болады.

Емдеу түрлері:

1. АВМ микрохиругиялық жолмен кесу

2. АВМ жапсырғыш компоненттермен эндоваскулярлы эмболизациясы