Спастикалық синдром

Арқа омыртқасы-жұлын жарақаттарының ең қаіпті түрлерінің бірі спастикалық синдром болып табылады – бұл бұлшық ет тонусының аса ұлғаюы салдарынан аяқ-қолды бүгу немесе жазуға қиыншылық тудыратын жағдай. Спастикалық синдромның екі түрі бар: бұлшық ет талшықтарының қайсы бір түрлері оларды қалыптастыруға қатысуына байланысты тоникалық және фазикалық болып бөлінеді.

Тоникалық спастикалық синдром көптеген неврологиялық аурулар кезінде пайда болады және арқа омыртқасы мен жұлынның әртүрлі жарақаттары барысында дамитын орталық шала салдану немесе сал ауру компоненттерінің бірі болып табылады. Көбінесе инсульт, бас сүйек-миы және арқа жарақаттары салдарынан туындайды. Фазикалық спастикалық синдромға алуан түрлі бұлшық ет спазмдарының аурулары жатады.

Спастикалық синдромның пайда болу себептері өте әртүрлі болып келеді. Оған бас сүйек-ми және жұлын жарақаттары, ми қан айналымының аса ауыр бұзулары (церебралды және арқа инсульты), нейродегенеративті аурулар (бытыраңқы склероз), нейрохирургиялық араласулардың салдары жатады.

Ауру синдромы

Нейропатикалық ауру, клиникаға жолығатын емделушілердегі ауру синдромдарының 25-тен 50 пайызға дейінгісін құрайды. Ауру нейропатикалық ауру синдромының елеулі ерекшеліктерінің бірі есірткі анальгетиктерін қолданудан ауруға қарсы әсердің жоқтығы болып табылады.

Ауру белгілері

  •  Нейропатикалық ауруда көбінесе интенсивті аурудың пароксизмі пайда болатын фондағы тұрақты ауру кезедседі. Фонды ауру көп жағдайда қарапайым емес, нақты орналаспаған, диффузиялық сезім сипатты болып келеді. Келесі анықтамалар бұл ауру үшін патогномоникалық болып табылады: «қыздырғыш», «ыстық», «өртендіргіш», «мұздай», «созылмалы», «сыздайтын», «сығып салатын», «қышыма». Кенеттен пайда болатын қатты ауруды «өткіш», «тартқыш», «атқыш», «электр тоғымен ұрғандай» ретінде сипаттауға болады.
  •  Көп жағдайларда нейрогенді ауруда сезгіштік бұзылады;
  •  Вегативті және трофикалық бұзулар кездеседі;
  •  Ауру эмоционалды-стремм бұзуын тудырып, оны ұлғайтады;
  •  Нейрогенді аурудың түсіндіре алмайтын ерекшелігі болып, бұл пуру пациенттің ұйықтауына кедергі болмайды. Сонымен қоса, науқас көбінесе интенсивті аурудан түн ортасында тұрады.

Нейропатикалық ауру қарапайым анальгетикалық мөлшерлерде морфинді және басқа опиаттарды қабылдамайды. Бұл нейропатиялық аурудың опиод – сезгіштік ноцигендік ауру механизмінен айырмашылығын көрсетеді. Аталған критерий аса ауыр фармакорезистентті нейропатикалық ауру синдромы белгілерінің ішінде негізгісі болып табылады.

Емдеу әдістері:

1. Спастикалық жағдай және ауру синдромдары барысында жұлынды нейростимуляциялау.