Гемифациалды түйілу (бет бұлшық еттерінің түйілуі, Бриссо ауруы) беттік жүйкенің бет жүйке түбіршегінің компрессия нәтижесінде дамитын бастың ми бағанасынан шығу аймағындағы біржақты гиперактивтік дисфункциясының симптомдық жиынтығы. 

Белгілері 

Оған көздің айналасындағы бұлшық еттерде бірқалыпты және тұрақсыз ауру белгілерінсіз түйілулер біртіндеп жиілік пен күшінде арта түсетін және барлық мимикалық бұлшық еттерді қамти отырып беттің төменгі бөлігіне жайылу тән. Аурудың ұстамасы бірнеше сағатқа дейін жетуі мүмкін. Бұлшық еттердің жиырылуы өздігімен сергектік бұлшық еттердің түйілуін немесе клондық құрысуларды (тиказдық гиперкинез) меңзейді. Дерттің дамуына байланысты беттің жарты бөлігінде сергек жартылай бетперде:көз қиылысы, ауыз және мұрын созылады, мойынның теріасты бұлшық еті platysma қатаяды. Кейде ұстамақастың үстіндегі доғаға немесе беттің басқа бөлігіне басқан кезде үзіліп тұрады.
Әдеттегі гемифациалды түйілулер (көз айналасындағы бұлшық еттерден басталып ары қарай беттің төменгі жартысындағы барлық мимикалық бұлшық еттерді қамтитын) және бейқалыптық (беттің бұлшық еттерінен басталып біртіндеп беттің жоғарғы бөлігіндегі барлық мимикалық бұлшық еттерді қамтитын) түрлерін бөледі. Гемиспазмдық түйілу бас сүйегінің VII жүйке аясының сыртына таралмайды, үштік жүйке невралгиясымен қатар жүруі мүмкін. Гемиспазм кезінде есту жүйкесінің біржақты қызметтерінің бұзылуы (VIII- бас сүйек жүйкелері) мүмкін. 

Емдеу әдістері 

1. Шағынваскулярлық декомпрессия