Орталықта пациенттерге қызмет көрсету келіп түскен науқастарды тіркеуге алу, қабылдау, бастапқы қарау, антропометрия, санитариялық - гигиеналық өңдеу және білікті медициналық қызмет көрсетуге арналған маңызды құрылымдық бөлім - қабылдау бөлімшесінен басталады. Қабылдау бөлімшесі қала емханаларынан және республикамыздың өзге өңірлеріндегі емханалардан жолданған нейрохирургиялық патологиялары бар пациенттерді емдеуге жатқызу бойынша жұмыстарды атқара отырып, тәулік бойы қызмет көрсетеді.
ҰНО Қабылдау бөлімшесінде жұмыс істейді:1. Емшара кабинетінде талдауларға қан алу, инъекциялар (в/і тамшылатып құю, в/і сорғалатып құю, бұлшықетке инъекциялар);
2. Реанимациялық шараларды көрсетуге арналған заманауи аппаратурамен жабдықталған қарқынды терапия палатасы;
3. Төрт ересектер және бір балаларды қарау кабинеттері;
4. Науқастарды санитариялық өңдеуден өткізуге арналған екі кабинет (шұғыл және жоспарлы);
5. Бейнелерді цифрлау жүйесі бар рентген-кабинет.
Бөлімшеде пациенттерді қабылдау және емделуге жатқызу нақты жолға қойылған. Пациенттерді қарау мен зерттеудің бірыңғай стандартары әзірленген. Жоспарлы емделуге жатқызу бөлімше меңгерушілерінің алдын – ала жасалған консультациясынан кейін белгіленген уақытта барлық қажетті зерттеулердің қорытындылары және емдеу мекемесі басшысымен расталған жолдама болған жағдайда жүзеге асырылады.
Емделуге жатқызылуға дейінгі зерттеулер тізбесі:- Қан ағысының ұзақтығының, ұю уақытының көрсетілуімен қанның жалпы талдауы.
- Жалпы несеп талдауы.
- Қанның биохимиялық талдауы: жалпы белок, белоктік фракциялар, билирубин, АлАт, АсАт, протромбиндік индекс.
- Қандағы қант, несепнәр мен креатин.
- RW, АИТВ-жұқпасына, гепатитке қан.
- Қан тобы, резус-фактор.
- Флюорография немесе кеуде органдарының рентгенографиясы.
- ЭКГ қорытындысы.
- Терапевт ұйғарымы.
- Гинекологтың қарауы (әйелдер үшін).
- Патологияға байланысты УДЗ, рентгенография, КТ, МРТ қорытындылары.
- Жеке куәлік көшірмесі.
Қажетті медициналық құжаттарды және емдеуге жатқызу кодымен жолдаманы алғаннан кейін Орталыққа емделуге жатқызу сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, бұл мүмкін болмаған жағдайда – тәулік бойы. Емделуге жатуға белгіленген күні келуіңізді өтінеміз. Келе алмайтын жағдайда, Сіз емделуге жататын бөлімше меңгерушісіне келе алмау себептері мен келетін уақытыңыз туралы хабарлауыңызды сұраймыз. Орталықта өз жайлылығыңыз үшін Сізде келесідей жеке гигиена заттары болуы керек: тіс пастасы, тіс щеткасы, бір рет қолданылатын қырыну станоктары, жөке, өзіңізге ыңғайлы киім мен аяқкиім, кесе, қасық (негізгі тағамдарды қабылдау аралығында қолдану үшін). Көптен –көп өтініш: стационарға қабылданар кезде өзіңізбен бірге бағалы заттарды, көп сомадағы ақшалай қаражатты алмауыңызды сұраймыз. Біздің Орталықта ұялы телефонды дыбыссыз режимде пайдалануға рұқсат етіледі. 2014 жылғы сәуір айынан бастап Орталықта Қабылдау-диагностикалық бөлімше (ҚДБ) жұмыс істей бастады. Оның құрамына: консультативтік-диагностикалық қызмет, функционалды диагностика кіреді. Бөлімшеде Сізге медициналық көмек жоғарғы деңгейде көрсетіледі: заманауи құрал-жабдықтар, диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы технологиялары, жоғарғы білікті дәрігерлер мен мейіргерлер, ізгі ниетті орта - мұның барлығы Сізге және Сіздің балаңызға толыққанды зерттеулерді, емдеудің және оңалтудың дербес бағдарламасын әзірлеуге кепіл болады. ҚДБ жұмысының негізгі бағыты нейрохирургиялық және неврологиялық бейіндегі стационарлық және амбулаторлық пациенттерге клиникалық және аспаптық диагностиканың заманауи әдістемелерін қолдана отырып, мамандандырылған консультациялық көмек көрсету.
- препараттарды венаға сорғалатып құю;
- дәрілерді венаға тамшылатып құю;
- препараттарды бұлшықетішілік инъекциялау;
- артериялық қысымды өлшеу;
- қан алу;
- теріастылық инъекция.
Көрсетілген барлық медициналық манипуляциялар біздің Орталық дәрігерлерінің, сонымен қатар басқа да клиникалардың мамандарының тағайындаулары бойынша жасалады. Сіз емшара кабинетінде сізге қажетті манипуляцияларды жасау үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Сіз аталған процедураларды қабылдауға алдын ала жазылмай-ақ, Сізге ыңғайлы уақытта қабылдай аласыз.
Бөлімше мүмкіндіктері
Консультациялық және емдік көмек келесі мамандарға: невропатолог, нейрохирург, нейроофтальмолог, отоневролог, терапевт - кардиологқа алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Бөлімшеде жоғарғы технологиялы аппаратураларда ЭЭГ, ЭКГ, УДДГ, доплерография, ЭМГ жасалады.
Бөлімшенің жабдықталуы
ҚДБ заманауи аспаптық-диагностикалық базамен: түрлі-түсті доплері бар ультрадыбыстық сканер (Logiq 5 EXPERT), электрокардиограф (ECG 9132K), спирометриялық диагностикалық жүйе (Super Sprio), электроэнцефалограф (Neurofax EEG-1100K), электромиограф (EMG MEB 9400K), портативті 2- каналды доплерлік жүйемен (MULTI DOP) жабдықталған.