Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесі

Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінде 26 жатын орын бар. Біздің бөлімшеде ми және жұлын ауытқушылықтары бар емделушілерге жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері көрсетіледі және қояншық,  Паркинсон ауруларын операциялар арқылы емдейді.

Сонымен қатар ауырсыну синдромдары, спазмалар кезінде, бассүйек – ми жүйке жүйесінің невралгиясы,  эссенциальді тремор кезінде ем көрсетіледі. Аз инвазивті хирургиялық  операциялар жергілікті және үстіңгі наркоз беріле отырып  жасалады және бөлімше дәрігерлері КТ және МРТ көмегімен алынған интраоперациялық  диагностика нәтижелеріне орай өздерінің іс- әрекеттерінің бағыттарын өзгерте алады.

Бөлімше орталық жүйке жүйесі тамырларының ми және жұлын тамырларының аневризмалары, артерия-веналық мальформациялар, ми тамырларының каротидтік-кавернозды ұштасуы,  геморрагиялық және ишемиялық инсульттар сынды ауру түрлерін емдеуде үлкен тәжірибе жинақтаған.  Бөлімшеде жоғары санатты күрделілікке ие тамыр патологияларын: миға біткен ірі және аса ірі көлемді аневризмаларды,  ірі әрі терең орналасқан тамыр мальформацияларын, мидың гиперваскуляризирленген  ісіктерін операция арқылы емдеу әдістемелері енгізілген.  Бөлімше мамандары жылына шамамен 600-ге жуық нейрохирургиялық операциялар жасайды.

Бөлімшенің жабдықталуы

Заман талабына сай жабдықталған операция залдары мен хирургтардың  кәсіби деңгейінің жоғарылығы ми тамырларының кез келген деңгейлі ісіктерін операциялар арқылы жемісті емдеуге мүмкіндік береді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін операциялық микроскоп және навигациялық станциялар пайдаланылады, бұл алынып тасталуы тиіс ісікке қол жеткізу үшін хирургиялық жолдың дәл траекториясын есептеуге мүмкіндік береді.

Қан тамырлары және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің қызметкерлері ізденіс жұмыстарына 1 патент алынды,  1 монография басылып шығарылды, 2 әдістемелік нұсқаулық басылды. Бөлімше дәрігерлері арасында 3 ғылым кандидаты бар. Бөлімше дәрігерлері WFNS (Әлемдік  нейрохирургиялық қауымдастықтар федерациясы), EANS (Еуропа нейрохирургтар ассоциациясы), ACNS (Азия нейрохирургтар конгрессі) мүше болып табылады.

Бөлімше мүмкіндіктері:

Емделушілердің ем қабылдауы аз инвазиялық  қағидасына орай жүзеге асырылады, барынша аз жарақаттау арқылы, ми мен жұлын тіндерінің зақымдалуынсыз  жасалады. Осы мақсатта төмендегі әдістемелер қолданылады:

1.     Ми қан тамырларының аневризмасы кезінде эндоваскулярлық ем жасалады (микроспиральдармен, стент немесе баллон қолдану арқылы ремоделдеу)

2.     Қан тамырлары аномалияларын  микрохирургиялық жолмен кесу (артерия -веналық мальформация, артерия-веналық фистула)

3.     Қан тамырлары ауытқушылықтарының жапсырмалы  компоненттермен эндоваскулярлық эмболизациясы (артерия-веналық мальформация, артерия-веналық фистула)

4.     Каротидтық-кавернозды ұштасуды  эндоваскулярлық емдеу

5.     Бас пен мойын тамырларын эндоваскулярлық  стентирлеу

6.     Жұлын нейростимуляциясы

7.     Үшкіл жүйкесінің немесе үшкіл жүйке ұшының невралгиясы кезінде радиожиілілік термодекструкциясы  

8.     Қояншықтың фармакорезистетті түрлерін хирургиялық жолмен емдеу

9.     Мидың терең қабаттарының стереотаксикалық нейростимуляциясы

 

Бөлімше меңгерушісі  - Махамбетов Ербол Тарғынұлы.

Медицина ғылымдарының кандидатыжоғары санатты нейрохирург дәрігер.