Физиотерапия бөлімшесі пациенттердің қалпына келтіру емі мен сауығуына қажетті физиоемдеудің заманауи барлық әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Физиотерапия және су балшықпен емдеу бөлімшесінде амбулаторлық ем алу үшін алдымен физиотерапевт дәрігермен немесе емдік денешынықтыру дәрігерінің кеңесін алу қажет. Әрбір амбулаториялық пациентке амбулаториялық карта жасалады, оның негізінде емдеу тағайындалады және рәсімдер жүргізіледі. Бұл картаны тек дәрігер физиотерапевт немесе емдік денешынықтыру дәрігері жасайды.

Келесі әдістер кең қолданыста:

• сәулемен емдеу, лазермен емдеу

• магнитпен емдеу

• электрофорез

• импульстық тоқтар

• УВЧ, СВЧ-терапия

• ультрадыбыстық терапия

• жылумен емдеу

• сумен емдеу

• ингаляциялық терапия

• су астында созу

Емдік денешынықтыру:

• Инсульттан кейін, омыртқа жарақаттары, бассүйек-ми жарақаттары, остеохондроз

және омыртқа жарықтары бар пациенттерге ЕДШ жүргізу;

• Бет нервтерінің парезінде, перифериялық нервтердің жарақаттық зақымданулары

кезіндегі емдік гимнастика;

• Жағдайы ауыр науқастармен жеке ЕДШ сабақтары;

• Мүсін бұзылыстарында, сколиозда, жалпақтабандылық кезінде түзетуші гимнастика;

• Классикалық, сегментарлы-рефлекторлық, нүктелік массаж процедураларын өткізу;

• Эрготерапия – қолдың қозғалыс бұзылыстарын қалпына келтіру;

• Бассейнде пациентпен жеке сабақтар жүргізу;


   Жыл сайын 3,5 мыңнан астам пациент физиотерапия бөлімшесінде емдік емшаралар курсын қабылдайды. Бір жылда орындалатын емшаралар саны шамамен 40 мыңды құрайды. Емдік денешынықтыру бөлмесінде заманауи жабдықталған екі гимнастикалық қабырға және қажетті барлық гимнастикалық құрал-жабдықтар бар ЕДШ залы бар: гимнастикалық таяқтар, доптар, сонымен қатар жұмсақ модульдар, аяқ-қол буындарын қимылдатып жаттығу жасауға қажетті ұсақ заттар жиынтығы, бағдарламалық басқару жүйесі бар жүгіруге арналған жол, әртүрлі диаметрлі фитболдар. Жыл сайын бөлімшеде 2 мыңға жуық пациент массаж алады. Емдік денешынықтырудың және массаждың дифференцияланған формасы профилактика мен әртүрлі ауруды емдеу мақсатында қолданылады. Дәрігер жойылған функцияларды қалпына келтіру немесе орнын толтыру мақсатында ЕДШ әдістемелерін қолдану сұрақтары бойынша емдік-консультациялық қабылдау жүргізеді, әдістемелердің жүргізілуін бақылайды, тиімділігіне талдау жасайды.

Бөлімшеде өткізіледі:

  • Кешенді оңалту бағдарламаларын, емдік және гигиеналық гимнастикалар кешені мен схемаларын әзірлеу, емдеу-профилактикалық мекемелерде және өз бетінше жаттығулар жасау үшін ЕДШ дене жаттығуларын және басқа да тәсілдерін іріктеу. ЕДШ және массаждың жаңа заманауи әдістерін игеру және тәжірибеге енгізу.
  • Жағдайы ауыр науқастармен жеке ЕДШ сабақтары.
  • Мүсін бұзылыстарында, сколиозда, жалпақтабандылық кезінде түзетуші гимнастика.
  • Массаж процедуралары: классикалық, сегментарлы-рефлекторлық, нүктелік, периостальды, аппаратпен (вибрациялық және акупрессуралар).
  • Емдік дене шықтыру және медициналық массаж бөлмелерінің жұмыстары нәтижесінде мыңдаған пациент өз денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік алды.

  Бөлімше меңгерушісі - Такенов Жанат Төлеубайұлы, медицина ғылымдарының кандидаты.