Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесі

Балалар нейрохирургиясы бөлімі 25 жатын орынға есептелген және 0 ден 17 жасқа дейінгі балаларда кездесетін түрлі нейрохирургиялық патологияларды емдеуге мамандандаралған.

Жаңа емдеу-диагностикалық әдімтер мен дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейінің үйлесімі балаларда кездесетін нейроауытқушылықтардың барлық спектрін қамтиды, яғни, бөлім нейрохирургтары балалардың орталық және шеткі жүйке жүйелеріндегі, ми және жұлын тамырларындағы, омыртқадағы ауытқушылықтарға түрлі деңгейлі операциялар жасайды.   Бөлім негізі 2008 жылы қаланған, содан бері жыл сайын  жүйке жүйесінің түрлі ауруларына шалдыққан шамамен 1100 балаға ем көрсетіледі, оның ішінде:

·        ми ісіктері,

·        гидроцефалия,

·        ми кистасы,

·        ми қан тамырларының аневризмасы,

·        ми және жұлын тамырларының  артериовенозды мальформациялары

·        краниосиностоз,

·        мидың жарақаттануынан туындаған қиындақтар.

Жоғарыда көрсетілген операцияларды орындау барысында зақымданға жүйке құрылымының прфилактикасы мақсатында интраоперациялық нейрофизиологиялық мониторинг жүргізіледі.  

Сонымен қатар бөлімде омыртқа аурулары аясының дәрігерлерінің қатысуымен омыртқа жарақаттары, жұлын ісіктері, омыртқа мен жұлындарында туа бітті ауытқушылықтары (Киари мальформациясы, томиелия диастемасы, сирингомиелия) бар балаларды хирургиялық жолмен емдеу жүргізіледі. Также, в отделении проводится.

Бөлім мамандары миға эндоскопиялық операциялар жасауда мол тәжірибе жинақтаған.  Бұл жерде қазіргі навигациялық жүйені интраоперациялық тұрғыда қолдану операция нәтижесінің оңтайлы шешілуінің кепілі.

Бөлімнің жабдықталуы

Бөлімде заман талабына сай диагностикалық және  хирургиялық жабдықтар бар:

  • эндоскопиялық  бейнежүйе;
  • ми мен бас қысымының биомеханикалық мониторингі жүйесі;
  • ультрадыбысты және лазерлі дезинтегратор;
  • микрохирургиялық құрал жабдықтар және инструменттер;
  • рамалық  стереотаксикалық жүйе;
  • эндоваскулярлы операциялар үшін катетерлер мен құралдар;
  • ликворды дренаждау жүйесі.
  • рамасыз  нейронавигациялық станция,
  • бас сүйектің қатты және жартылай қатты (балалықжүйесінің фиксациясы,
  • интраоперациялық нейрофизиологиялық станция,
  • аутогемотрансфузия станциясы,
  • нейростимуляторлар.

Әрбір палатада ана мен баланың стационарда өзін жайлы сезінуі үшін барлық жағдайлар жасалған –құрастырмалы жиһаз, бөлек дәретхана бөлмесі, душ қабылдау бөлмесі,  функционалды керуерттерБөлімде медициналық персоналды шақыру жүйесі жұмыс істейді. Балалар бөлімі құрылымында жаңа туылған балаларды  күтетін 4 арнайы  палаталар бар.

Бөлім мүмкіндіктері

Бөлім дәрігерлері заман талабына сай хирургиялық және қосымша емдеу түрлерінің барлық түрлерін қолданады, соның ішінде:

1.     Ми ісіктерін интраоперациялық навигациялық жүйені қолдану арқылы микрохирургиялық жолмен алып тастау.

2.     Интраоперациялық нейромониторингті қолдану арқылы ми ісіктерін микрохирургиялық жолмен алып тастау.

3.     нейронавигациялық интраоперациялық жүйені қолдану арқылы ми ісіктерін эндоскопилық,  трансназальдық және транссфеноидалдық жолмен алып тастау.

4.     Биопсия опухолей головного мозга с применением стереотаксикалық жүйені қолдану арқылы ми ісіктерінің биопсиясын жасау

5.     Түрлі этиологиялық гидроцефалия жағдайында шунтирлеуші жүйенің имплантациясы

6.     Түрлі этиологиялық гидроцефалия жағдайында эндоскопиялықвентрикулоцистерностомиясы

7.     Қояншықтың фармакорезистетті түрі кезіндегі хирургиялық емдеу

8.     Ми қан тамырлары аневризмасын клипирлеу

9.     Ми қан тамырлары аневризмасын эндоваскулярлы емдеу (микроспиральменбаллон немесе стнет көмегімен ремоделдеу)

10.   Қан тамырлары аномалиялары жағдайында микрохирургиялық жолмен кесу

11. Қан тамырлары ауытушылықтарын жапсырғыш компоненттермен эндоваскулярлы эмболизация жасау (артериовенозды мальформация, артеривенозды фистула).

12.    Каротидты-кавернозды ұштасуды эндоваскулярлы емдеу

13.    Мойын және бас тамырларын эндоваскулярлы стентирлеу

14.    Зақымданған сегменті бар жарақаттанған омыртқаны тұрақтандыра отырып  бірмезеттік резекциясын жасау

15.    Жұлын мен мида біткен көлемді ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау

16.    краниовертебральді  өту жолының декомпрессиясы

Бөлімде балалар жүйке жүйесінде болатын аурулар диагностикасы мен  емдеу жолының маңызды аспектісі болып табылатын  бірқатар жаға тұжырымдамалар енгізілген. Атап айтқанда гидроцефалияның, бас сүйектің артқы бөлігіндегі ісіктердің, Киари мальформациясының, краниосиностоздың күрделі түрлерін эндоскопиялық әдіспен емдеу түрлері жетілдірілуде. Түрік, Ресей, Израиль медициналық мекемелерімен бірігіп бақылаулар мен зерттеулер жүргізеді.

Бөлім меңгерушісі М.Р.Рабандияров – жоғары санатты нейрохирург-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ нейрохирургтар ассоциациясының мүшесі, Ресей балалар нейрохирургиясы  Президиумының мүшесі , Ресей нейрохирургиясы  Ассоциациясының мүшесі, Еуразия балалар нейрохирургтері ассоциациясы Басқармасының мүшесі.