Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
      +7 701 062-11-00


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Анестезиология, реанимация және қаркынды терапия бөлімшесі

АРжҚТБ  18 төсек орынға арналған нейрореанимация бөлімшесінен, соның ішінде төтенше жағдайларға арналған 6 төсек орыннан тұратын әлемнің жетекші өндіруші фирмаларының нейромониторинг жүйелерімен, неврологиялық статусты бағалайтын және ағзаның барлық өмірлік маңызды функцияларын мониторлық - компьютермен қадағалап отыратын қазіргі заманғы аппаратурамен және заманауи соңғы құрал-жабдықпен жабдықталған:

  • Гемодинамика мониторингі (Инвазиялық АҚ, ЖҚЖ, ЭКГ өлшеу, қанның қанықтырылуы (SpO2); 
  • Кереует жанындағы 12 мониторға арналған орталық монитор станциясы CNS -9701K Nihon Kohden, Japan; 
  • Фибробронхоскопия, кеңірдектің күрделі интубациясына арналған жиынтық (Carl Storz, Germany); 
  • Бассүйекішілік қысым, церебральды перфузиялық қысым және бассүйекжұлын комплайнсының мониторингі (Spiegelberg); 
  • Гипербаротерапия (Bara-Med, BioMedical Systems Group, USA); 
  • ГБО; 
  • Инфузиялық-түзетуші терапия; 
  • Қоректендіру, нутриент; 
  • Церебральды оксиметрия (Somanetics, Invos 5100, USA); 
  • Операциядан кейінгі кезеңде науқастардың тыныс алу функциясының бұзылысы кезіндегі респираторлық терапия; 
  • Ішкі жармалық венаның жоғарғы баданасын катетерлеу және мидан ағатын күре тамырдағы  қандағы газ, электролиттер, лактат  және глюкозаны анықтау; 
  • Транскраниальды доплерография; 
  • Пациентпен бақыланатын аналгезия (Patient- controlled analgesia, (PCA)); тыныс алудың бактерия-вирустық сүзгі термовенті, бір реттік; 
Көмей маскасы.
Бұл анестезиологиялық әдістеме мен қарқынды терапия сапасының әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлімше қызметкерлері қиын сәтте емдеудің айтарлықтай тәжірибесін игерген жоғарғы білікті кәсіби мамандар. Бөлімше құрамында әртүрлі жастағы және әртүрлі жағдайдағы пациенттерді  емдеу бойынша біліктілігі   жоғарғы санаттағы 14 дәрігер маман бар. Тәжірибелі және қамқор мейіргерлер, ұқыпты кіші персонал біздің пациенттерге көрсетілетін күтімді қамтамасыз етеді, бұл науқастың бөлімшеде жатуын барынша жанға жайлы етеді.
Жақын және алыс шетелдерден дайындықтан өткен АРжҚТБ қызметкерлері әртүрлі нейрохирургиялық патологиялар  кезінде балалар мен ересектерге анестезиологиялық құралдардың түрлі әдістерін (севофлюран және изофлюранмен төменгі тасқынды ингаляциялық анестезия, аймақтық, өткізуші, түбегейлі венаішілік анестезия), операциядан кейінгі кезеңде науқастардың тыныс алу функциясының бұзылысы кезіндегі респираторлық терапия және оңалту жүргізіледі.
 
Бөлімше меңгерушісі – Нурпеисов Айса Захарұлы, жоғарғы санатты дәрігер-анестезиолог, медицина ғылымдарының кандидаты.