Трансфузиология бөлімшесі
Трансфузиология бөлімшесі донор қанының компоненттерін сақтау мен беруді жүзеге асырады. Бөлімше келесідей қызметтерді ұсынады:
-
қан топтарын және резус тиістілікті анықтау, антиденелер скринингі. Топтарды және резус тиістіліктің анық диагностикасы, антиденелерді анықтау сын сағатта дер кезінде шешім қабылдау үшін қажет және пациенттің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік береді;
-
АВО жүйесі бойынша үйлесімділікті және моноклонды реагенттердің және микротиптендендіруші гель серологиясы әдісін қолданумен резус факторды анықтау. Жеке үйлесімділікке сынама реципиент қанының биологиялық ерекшеліктерімен донордың эритроциттері үйлесімді екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді;
-
тромбоэластографияның клиникалық қолданылуы. Тромбоэластограмма (TEG) көмегімен гемостаз жүйесі анықталады, яғни нақты уақытта қанның қалай ұйып, ерігені анықталады. Бұл қан кету немесе тромбоз қаупін бағалауға көмектеседі.
-
эритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясы. Қанды сақтаушы технология - қан жоғалту кезінде жоғалған өзіндік эритроциттерді қайтарудың қазіргі заманғы, тиімділігі жоғары және қауіпсіз әдісі.
-
аутологиялық фибринді желім қолдану. Бас миының және бас сүйегінің негізі ісіктері бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін операциялық бөлмеде бірегей болып табылатын «Vivostat» автоматтандырылған жүйесін пайдалана отырып, науқастың өз қанынан және/немесе донорлық плазмадан алынған аутологиялық фибринді тығыздағышты/желімді қолдану ұсынылады, бұл бірегей жүйе және әлемде теңдесі жоқ.
Трансфузиология бөлімшесі заманауи құрал - жабдықтармен жабдықталған: DiaMed микротиптендендіруші гель серологиялы жүйесі, Angelatoni Industrie арнайы мамандандырылған тоңазытқыштар, Barkey plasmatherm плазманы ерітушілер, CATS plus Fresenius аутогемотрансфузияға арналған аппарат, автоматтандырылған жүйе «Vivostat және тромбоэластография.
Бөлімше базасында алғаш рет нейрохирургиялық тәжірибеге фибрин желімін бассүйек бағанының гемостазы мен герметизациясына арналған эндоскопиялық трансназальды транссфеноидальды хирургияда, эритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясын қанды сақтаудың әдісі ретінде қолдану, қан топтарын анықтау, антиденелердің резус тиістілігінің скринингін және үйлесімділікке сынама жүргізу үшін микротиптендендіруші гель серологиясы жүйесін серология әдісі ретінде қолдану енгізілді, операциялық бөлмеде пациенттің өз қанынан жасалған аутологиялық фибринді тығыздағышты/желімді қолдану енгізілді.
Бөлімше қызметкерлерімен жүзеге асырылады:
1) Орталықтың емдеу бөлімшелерінде трансфузиялық терапияның ұйымдастырылуын бақылау;
2) кабинетте сақталатын қан, оның компоненттеріне күн сайынғы макроскопиялық бақылау, олардың жарамдылық мерзімдерін анықтау;
3) емдеуші дәрігердің трансфузиялық заттарды тағайындау кезіндегі көрсетімдерінің есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
4) трансфузиялық терапия жағдайын және тиімділігін талдау.
Трансфузиология бөлімшесі Орталық қызметкерлерінің қатысуымен жылына екі рет «Донор күні», «Өмір сүруге үміт сыйла» акцияларын ұйымдастырады. Пациенттердің туыстары, достары және таныстарын донор болуға шақыру бойынша үгіт - насихат жұмыстары жүргізіледі.
Бөлімше меңгерушісі – Сыздыкова Бизада Сәрсенбаева, дәрігер-трансфузиолог.



