Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі
Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі 27 жатын орыннан тұрады. Орталық мамандарының үздіксіз біліктілігін көтеріп отыруы, медициналық ғылым мен инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып жұмыс жасауы, емдеу мен операциялардың жемісті нәтижелерінің кепілі болып табылады.
Біздің Орталықта омыртқа, жұлын, шеткі жүйке жүйесінің патологияларын кең ауқымды емдеу жүзеге асырылады:
- Барлық деңгейдегі омыртқааралық дискілердің жарықтары (соның ішінде, эндоскопиялық және пункциялық технологиялар, лазерлік вапоризация, радиожиілілікті термодеструкцияны қолдану арқылы);
- Омыртқа-қозғалмалы сегментінің тұрақсыздығымен сипатталатын омыртқааралық дискілердің жарықтары (соның ішінде, кейдж ауыстыру, фиксацияның пункциядық әдістері, фиксацияның динамикалық жүйесін қолдану арқылы);
- Омыртқа каналының дегенеративті стенозы арқылы;
- спондилолистездер
- барлық деңгейдегі омыртқа жарақатының салдарынан болатын зақымданулар (соның ішінде вертебропластика, кифопластика);
- омыртқа-жұлын жарақаттануларынан туындаған (соның ішінде кифосколиотикалық деформациялар мен менингомиелорадикулолизді коррекциялау арқылы);
- шеткі жүйке жүйесі мен жүйке қиылысуларының жарақаттануы нәтижесінде болатын зақымданулар (невролиз, нейрорафия, аутопластика).
Аса ауыр және жиі кездесетін нейроонкологиялық патологияларды емдеудің тактикасы мен техникасы, емдеу нүктесіне жету жолдарын жетілдіруге көп көңіл бөлінуде:
- жұлынның барлық деңгейлі интрамедуллярлы ісіктері;
- жұлынның экстрамедуллярлы ісіктері;
- омыртқаның бастапқы және метастазды ісіктері;
- шеткі жүйкенің ісіктері.
Ісікті алып тастауда нтраоперациялық электрофизиологиялық мониторингті және неғұрлым аз жарақатты әдістемелерді қолдану, жұлынның қызметтік қабілетін барынша сақтап қалуға және емделушінің өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесі қызметкерлері қазіргі таңда ізденіс жұмыстарына 5 патент алды, бір моноргафия шығарды, ондаған ғылыми жұмыстарын отандық және шет елдік ғылыми басылымдарға жариялады. Бөлімше дәрігерлері WFNS (Нейрохирургиялық қауымдастықтардың әлемдік Федерациясы), EANS (Еуропа нейрохирургтер ассоциациясы), ACNS (Азия нейрохирургтер конгрессі) мүше.
Бөлімшенің жабдықталуы
Барлық операциялар қазіргі заманғы әлемнің жетекші өндірушілерінің (KarlZeis; KarlStorz, Germany) микроскоптары және эндоскопиялық жабдықтары, нейронавигациялық қондырғы және интраоперациялық КТ-томографы (Metronic, USA), электронды-оптикалық бейнебақылаушы (Siemens, USA); жоғары жиілілікті және плазмалық коагулятор, ультрадыбысты сорғыш (Soring, Germany); микрохирургиялық құралдар және айналымы аса жоғары дрель (Aesculap, Germany) арқылы жасалады.
Жұлын патологиясы кезінде реконструкциялаушы-тұрақтандырғыш операциялар жасау барысында әлемнің жетекші өндірушілерінің (DePuy J&J, USA; Metronic, USA; Stryker, USA; B.Braun-Aesculap, Germany) медициналық құралдары: PLIF-, TLIF-, VLIF – жүйесінің кейдждері; транспедикулярлы фиксация жүйесі, соның ішінде теріішілік; артқы динамикалық тұрақтандыру жүйесі - DIAM; трансартикулярлы фиксация жүйесі, соның ішінде атлант-аксиальді патология; алдыңғы тұрақтандыру жүйесі; вертебропластикаға арналған «confidence» жүйесі және т.б. бар.
Бөлімшенің барлық мамандары жетекші медициналық нейрохирургиялық орталықтарда тәжірибе жинақтап, білім алған.
Бөлімше мүмкіндіктері
Өз тәжірибемізде біз тек қана заман талабына сай жабдықтарды ғана пайдаланамыз, мысалы бізде омыртқаға жасалатын бірде бір операция интраоперациялық компьютерлік томографиясыз, нейронавигациясыз, нейрофизиологиялық бақылаусыз жасалмайды. Бұл бізге фиксация жүйесіні орнатудың дәлдігін біршама арттыруға, жұлын мен оның жүйке талшықтарының жүйелі декомпрессиясын интраоперациялық бақылауға мүмкіндік береді және емделушінің толыққанды өмірге ертерек оралуына жағдай жасайды. Операциялық бөлімшеде жасалатын ем түрлерінің көбі күрделілігі жоғары санатты жоғарғы технологиялық нейрохирургиялық операциялар қатарына жатады:
1. Жұлын мен омыртқа ауытқушылықтары кезінде микрохирургиялық технологии және эндоскопиялық операциялар жасау
2. Омыртқаның дегенеративті зақымдануы кезінде тұрақтандырғыш опреациялар жасау
3. Жұлын мен омыртқаға біткен көлемді ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау
4. Омыртқа ауытқушылығы кезіндегі вертебропластика, кифопластика жасау
5. Омыртқа диск жарығының лазерлік вапоризациясы
6. Омыртқа диск жарығын эндоскопиялық жолмен алып тастау
7. Омыртқааралық дисктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау
8. Омыртқааралық дисктерді протездеу
9. Омыртқаның перкутантты (теріішілік), транспедикулярлы, трансартикулярлы, орталық кортикальді фиксациясы
10. Омыртқаның динамикалық тұрақтандырылуы
11. Омыртқаның фасеттік жүйкесінің радиожиілілікті термодеструкциясы
Бөлімше меңгерушісі – Керімбаев Талғат Тынышбайұлы, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер.