Ми патологиясының нейрохирургиясы бөлімшесі
Ми патологиясының нейрохирургиясы бөлімшесінде 20 жатын орны бар. Бөлімше орталық жүйке жүйесінде ісіктері бар емделушілерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету (мидың супра, субтенториалды жерінде орналасқан аналық және аталық ісіктері, хиазмальды – селлярлы аумақтағы ісіктер, ми мен бассүйек негізіндегі ісіктері, орталық жүйке жүйесінің метастаздық зақымдануы, мидың туа бітті және кейін пайда болған кисталары, сонымен қатар мидағы гидроцефалия, абсцесс және паразитарлы зақымдануы, бассүйек кемістіктері) мақсатында құрылған. Нейрохирургия саласындағы ғылым жетістіктерін, алдыңғы қатарлы технологиялар мен стандарттарды енгізу басты міндет болып саналады. Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінде хирургиялық жолдардың әдістемесі мен жетілдіру жұмыстары, мидың қызметі мен қан айналымын реттейтін тактикалық тәсілдер мен мидың ісіктерін алып тастау әдістері жүргізіледі. Басты назар жиі кездесетін, аса күрделі нейрохирургиялық патологияларды емдеудің тактикалары мен техникаларын, ісікке қол жеткізу жолдарын жетілдіруге бағытталған:
- Түрлі жерде орналасқан және таралымы әртүрлі базальды менингиомалар;
- VIII жүкесінің невриномасы;
- Гипофиз аденомасы;
- Мидың GI – GIV глиомасы;
- Ми қалташаларының және пинеальді аумақтағы ісіктері;
- Түрлі этиологиялық гидроцефалия;
- Арахноидальді және өзге де ми кисталары;
- Мидың қайталанған ісіктері;
- Бассүйек негізі сүйектерінің ісіктері;
- Краниофарингиомалар
Ми патологиясының нейрохирургиясы бөлімшесі қазметкерлерімен тек соңғы 5 жыл көлемінде 3 патент алынған, 3 кандидаттық диссертация қорғалды, 2 монография баслымға дайындалып жатыр, 2 әдістемелік нұсқаулық әзірленуде. Бөлімше дәрігерлері Қазақстан нейрохирургтер Қауымдастығының, Еуропа нейрохирургтер қауымдастығына мүше.
Диагностиканың жаңа әдістемелерін, ісікке қол жеткізудің жаңа жетілген жолдары мен әдістерін, жаңа емдеу тәсілдерін енгізу нейроонкологиялық емдеу нәтижелерін жемісті етуге зор мүмкіндік береді.
Қазіргі микрохирургиялық техникалар мидың III қалташығындағы ісіктерін, ми тіндерін, ми қабатының астындағы құрылымдарда орналасқан ісіктерді емдеуде аса тиімді. Мидың маңызды аумақтарында орналасқан ісіктерді алып тастау барысында біздің Орталықта интраоперациялық нейронавигациялық жүйе кеңінен қолданылады. Сонымен қатар бассүйек негізінде орналасқан ісіктер, гипофиз аденомасы кезінде ісікке қол жеткізудің эндоскопиялық трансназалдық транссфеноидальді жолы қолданылады. Бұл әдіс қазіргі таңда әлем бойынша мидағы және бассүйек негізіндегі ісіктерге қол жеткізудің ең негізгі жолы болып табылады, яғни, магистральды тамырлар, бассүйек, ми жүйкесінің бұтақтары өтетін қиын және қауіпті аумақтарды орналасқан ісіктерді алып тастауда бұл таптырмас амал. Бұл ісіктер қатарына гипофиз аденомасы, краниофарингеома, хордома, бассүйек негізі обыры, ангиофиброма, менингиома және басқа ісік түрлері жатады. Бұл әдіс аз инвазиялы болып табылады, себебі, мидан тыс жолдармен жасалады, нәтижесінде ми тіндерінің зақымдану қаупі мүлде болмайды деуге келеді.
Бұл өз кезегінде операциядан кейінгі салмақ пен мерзімді қысқартуға мүмкіндік беретін әдіс. Операциядан соңғы туындайтын қиындықтар пайызы төмендейді.
Бөлімше мүмкіндіктері:
Емделушілердің ем қабылдауы аз инвазия қағидасына орай жүзеге асырылады, барынша аз жарақаттау арқылы, ми мен жұлын тіндері зақымдалмай жасалады. Осы мақсатта төмендегі әдістемелер қолданылады:
1. Интароперациялық навигациялық жүйені пайдалана отырып ми ісіктерін микрохирургиялық жолмен алып тастау;
2. Интраоперациялық нейромониторингті пайдалана отырып, микрохирургиялық жолмен ми ісіктерін алып тастау;
3. Бассүйек негізіндегі қиын жерлерде орналасқан ісіктерді аралас жолдармен және микрохирургиялық нейромониторинг және интраоперациялық, эндоскопиялық ассистенция арқылы алып тастау;
4. Стереотаксикалық жүйені қолдану арқылы ми ісіктерінің биопсиясын жасау;
5. Интраоперациялық нейронавигациялық жүйені қолдана отырып ми және бассүйек ісіктерін эндоскопиялы трансназальды транссфеноидальді жолмен алып тастау;
6. Гидроцефалияның түрлі этиологиясы кезінде шунтирлеуші жүйенің имплантациясы
7. Гидроцефалияның түрлі этиологиясы кезінде эндоскопиялық вентрикулоцистерностомия
Бөлімше меңгерушісі – Рыскелдиев Нұржан Әмірбекұлы. Жоғары біліктілікті санатты нейрохирург-дәрігер. ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі (2010 ж). « Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ 2009 жылғы үздік дәрігері» атағының иегері. 40 астам мақала, 2 ғылыми жаңалықтың авторы.