Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесі
Қазіргі уақытта барлық заманауи хирургия және нейрохирургия, соның ішінде адамның әртүрлі патологияларына кіші инвазиялық қолжетімділікке бейім. Барыша кіші тілік және барынша кіші сүйек «ойығы» арқылы жасалатын операциялар, сондай-ақ теріні кеспейтін операциялар классикалық қол жетімділікпен салыстырғанда бірдей және жиі жоғары тиімділікпен қауіпсіз.
Сондықтан ми мен жұлынның, шеткі жүйке жүйесінің әртүрлі патологиялары үшін жарақатсыз операцияларды енгізумен және жүзеге асырумен айналысатын жаңа нейрохирургиялық бөлімше құру туралы шешім қабылданды. 2022 жылғы 1 қыркүйекте Ұлттық нейрохирургия орталығында Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесі ашылды.
Кіші инвазиялық нейрохирургиялық операцияларды қолдану пациенттің клиникада болу ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді, операциядан кейінгі асқынулардың, мүгедектіктің және пациенттердің әлеуметтік бейімделу уақытының қысқаруы байқалады. Жоғарыда айтылғандардан басқа косметикалық әсер бар: ұзын тыртықтар жоқ, бассүйектің кең трепанациясының іздері, сүйек ақаулары жоқ.
Бөлімше 14 төсек-орынға шақталған.
- орталық және шеткі жүйке жүйесінің ісіктері (ми мен жұлынның қатерсіз және қатерлі ісіктері, хиазма-селлярлық аймақтың ісіктері, бас миының діңі мен бассүйек негізінің ісіктері, ОЖЖ метастатикалық зақымдануы, мидың туа біткен және жүре пайда болған кисталары, бассүйек-ми және шеткі жүйкелердің ісіктері)
- гидроцефалия
- омыртқаның дегенеративті процестері (жарық және омыртқааралық дискілердің шығуы)
- бассүйек сүйектерінің ақаулары
- тамырлардың, жүйке діңдерінің және ми нервтерінің зақымдалуына байланысты әртүрлі ауырсыну синдромдары (мысалы, үштармақты невралгия).
Бөлімшенің мүмкіндіктері:
Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесі емдеудің ең жаңа әдістерін қолдану арқылы орталық нерв жүйесі зақымданған және ауруы бар науқастарды хирургиялық емдеумен айналысады, атап өтсек:
- Эндоскопиялық трансназальды трансфеноидты хиазма-селлярлық аймақтың ісіктерін жою;
- Нейронавигациялық интраоперациялық жүйені қолдану;
- Эндоскопиялық ассистенцияның көмегімен бассүйек негізінің ісіктерін микрохирургиялық алып тастау;
- Интраоперациялық флуоресценцияны қолданумен мидағы глиомаларды микрохирургиялық алып тастау;
- Краниовертебральды аймақ патологиясын (хордомалар және басқа ісіктер) микроскопиялық және/немесе эндоскопиялық техниканы қолдана отырып, трансоральды жолмен микрохирургиялық емдеу;
- Бет жүйкесінің интратемпоральді сегментін жылжытумен тіласты -бет жүйкесінің анастомозы (Бет жүйкесінің реиннервациясы);
- Естің сақталуымен ми ісіктерін микрохирургиялық алып тастау;
- Гематоманың стереотактикалық аспирациясы;
- Пинальды аймақтың ісік биопсиясымен эндоскопиялық тривентрикулостомия;
- III қарыншалық ісікті эндоскопиялық алып тастау;
- Гамма-пышақ аппаратындағы радиохирургия.
Бөлімшенің жабдықтары
Бөлімшенің өзінің ота жасау бөлмесі бар, хирургиялық емдеу кезінде емдік және диагностикалық аппаратураны қолдана отыра, барлық қазіргі заманғы әдістерді қолданамыз:
- Karl Stortz эндоскопиялық видео жүйесі;
- « Саrl Zeiss» Vario S88 операциялық микроскопы
- Бассүйек ішіндегі қысымның және мидың биомеханикалық қасиеттеріне мониторинг жүргізу жүйесі;
- Ультрадыбыстық және лазерлік дезинтегратор;
- Микрохирургиялық құралдар мен жабдықтар;
- рамалы стереотаксиялық жүйе;
- эндоваскулярлық ота жасауға арналған катетерлер мен аспаптар;
- ликвородренажды жүйелері;
- Medtronic Stealth рамасыз нейронавигациялық станция;
- Бассүйегін бекітудің кермек және жартылай кермек (балалар) жүйесі
- Интраоперациялық нейрофизиологиялық станция,
- Аутогемотрансфузия станциясы,
- Ми және жұлынның, ішкі қантамырлары операциялары кезінде тамырларды зерттеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ангиографиялық құрылғы
- нейростимуляторлар.
Гамма пышақ туралы:
-
Гамма пышақ - бұл мидың ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы.
-
Жұмыс принципі - 192 кобальт-60 көздерінен Радиоактивті сәулелену қолданылады, оның сәулелері патологиялық фокустың аймағында жиналады және біріктіріледі. Олар ісік жасушаларының ДНҚ-ны бұзады.
-
Мидың сау тіндері мен науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді.
-
Операцияның өзі ауыртпалықсыз, бассүйегінің трепанациясын қажет етпейді.
-
Операция бір реттік, яғни сәулелік терапия сияқты бірнеше сатыда жүргізудің қажеті жоқ.
Бүгінгі таңда Гамма-пышақ радиохирургиялық емдеудің «Алтын стандарты» болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде 400-ге жуық Гамма пышақ қондырғылары бар, олардың жартысы АҚШ пен Жапонияда орналасқан деп айтуға болады.
Гамма пышақпен емдеу:
Гамма пышақ ісік аурулары, мидың тамырлы аурулары үшін қолданылады. Гамма-пышақты қолдана отырып емдеу үшін пациенттерді таңдау кезінде ісік пен мидың тамырлы зақымдануының белгілі бір мөлшері ескеріледі. Сондай-ақ, белгілі бір дәрежеде қосымша хирургиялық қауіп-қатерсіз мидың өмірлік маңызды құрылымдарында орналасқан бірнеше метастаздарда Гамма пышағын қолдануға болады.
Онлайн және электрондық форматта сырттай кеңес алу үшін бізге neuro_omo@mail.ru, neuroportal@ncn.kz мекенжайларына Гамма-пышақ деп белгілеп хат жазу қажет, КТ/МРТ нәтижелерін (3 айдан кешіктірмей), КТ/МРТ қорытындысын, сондай-ақ медициналық үзінді көшірмені (бар болса) қоса тіркеу керек.
Зерттеулер жүргізуге жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін Сіз +7 (7172) 62-11-00, +7 747 691 14 27 телефондарына хабарласуыңызға болады.
В.Г. Алейниковтың жетекшілігімен қазіргі уақытта Кіші инвазиялық нейрохирургия бөлімшесінде 7 нейрохирург жұмыс істейді: Мұстафин Халит Абдімажитұлы, Танкачеев Рамиль Шамильевич, Сығай Нұрзат Әшірбекұлы, Әшіров Нұрали Нұржанұлы, Қыдыров Алмас Ернарұлы, Ғапбас Зада Айтмұқанбетқызы, Кенжегулов Ерген Нурланович. Медициналық көмек миссиясын жүзеге асыруда аға мейіргер Литвинова Татьяна Петровнаның басшылығымен мейіргерлер мен кіші персонал маңызды рөл атқарады.



