Нейрооңалту бөлімшесі нәтижесі ауыр қиындықтар туғызған бассүйек, ми, шеткі жүйке жүйесі жарақаттары және нейрохирургиялық операциялардан кейін туындаған қиындақтарды емдеп, қалпына келтіру үшін нейрохирургиялық көмек береді. Қалпына келтіру емшаралары Қазақстанның ересек тұрғындарына арналған.

Бұл біріншіден, күнделікті өмірді, жүріс -тұрысты, отыру, тұру, қозғалыс кезектілігін біртіндеп және абайлап қалпына келтіруге бағытталған сапалы әрі нақты жұмыс. Медицина мен техниканың жаңа жетістіктері тек емделуші өз денесін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар оны жаңадан қабылдай алуын қамтамасыз етеді.

Қалпына келтіру емшаралар кешенінің артықшылығы медикаментозды және медикаментозды емес терапияның қазіргі әдістерін тиімді пайдалануда болып табылады (кинезитерапия, массаж, рефлекстітерапия, инетерапия т.с.с.).

Нейрохирургиялық сипаттағы емделушілерді қалпына келтіру бағдарламасы келесі бағыттармен жүзеге асырылады:

  •  Қозғалыс стереотиптерін қалпына келтіру (бой түзеу, жүріс, майда моторика);
  •  Аяқ, қолдарда спазмалық сипаттағы ауырсыну сезімдерінің азаюы;
  •  Моторикалық жұмыс қабілетінің қалпына келуі;
  •  Координациялық жұмыс қабілетінің жақсаруы;
  •  Сенсорлық бұзылу сипатының азаюы;
  •  Ми мен жұлын қанайналымының және метаболизмінің жақсаруы;
  •  Вегетативті статус және психо-эмоционалдық фонның түзетілуі;
  •  Мнестико-интелектуалдық функциялардың қалпына келтірілуі;
  •  Әлеуметтік адаптация.


Бөлімшенің жабдықталуы

Қалпына келтіру емшаралары кешені құрамына: психологпен сенсорлық бөлмеде, АРТ- кабинетте, қысқы бақта, сөйлеу мәнері бұзылған емделушілерге логопед сабақтары, емдік жаттығулар нұсқаушымен ЛФК кабинеттерде топтық және жеке дара жаттығулар, механотерапия кіреді.

Сонымен қатар физиологиялық емдеу, гидрокинезотерапия (інжу, гидромассаж, 4 камералы контрастты ағынды ванналар, 4 камералы гальванованна, Шарко душы және циркулярлы душ, магнитотерапия, электростимуляция, лазерлік терапия, субалшықпен емдеу, массаж және т.б.).

Бөлімше мүмкіндіктері

Бөлімшеде тәжіриблі невропотолог дәрігерлер - реабилитологтар, психологтар, логопедтер, емдік жаттығу дәрігерлері және арнайы оқытылған орта медициналық персонал жұмыс жасайды. Бұнда емделушілерге операцияға дейінгі және кейінгі психологиялық түзету және психологиялық терапиялық көмек көрсетіледі. Нейрооңалту бөлімшесі мамандары Ресей және өзге де шетел медициналық мекемелерінің мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Біздің емделушілерге барлық жағдайы жасалған екі орындық жайлы палаталар ұсынылады.

Бөлімше меңгерушісі Мустафаева Алина Сабитовна, Ph.D, медицина ғылымдарының кандидаты.