Балалар нейрохирургиясы бөлімшесі
Балалар нейрохирургиясы бөлімшесі 25 жатын орынға есептелген және 0 ден 17 жасқа дейінгі балаларда кездесетін түрлі нейрохирургиялық патологияларды емдеуге мамандандырылған.
Жаңа емдеу-диагностикалық әдістер мен дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейінің үйлесімі балаларда кездесетін нейроауытқушылықтардың барлық спектрін қамтиды, яғни, бөлімше нейрохирургтары балалардың орталық және шеткі жүйке жүйелеріндегі, ми және жұлын тамырларындағы, омыртқадағы ауытқушылықтарға түрлі деңгейлі операциялар жасайды. Бөлімше негізі 2008 жылы қаланған, содан бері жыл сайын жүйке жүйесінің түрлі ауруларына шалдыққан шамамен 1100 балаға ем көрсетіледі, оның ішінде:
- ми ісіктері,
- гидроцефалия,
- ми кистасы,
- ми қан тамырларының аневризмасы,
- ми және жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары
- краниосиностоз,
- мидың жарақаттануынан туындаған қиындақтар.
Жоғарыда көрсетілген операцияларды орындау барысында зақымданға жүйке құрылымының профилактикасы мақсатында интраоперациялық нейрофизиологиялық мониторинг жүргізіледі.
Сонымен қатар бөлімшеде омыртқа ауруларын емдеуге бейінді дәрігерлердің қатысуымен омыртқа жарақаттары, жұлын ісіктері, омыртқа мен жұлындарында туа бітті ауытқушылықтары (Киари мальформациясы, томиелия диастемасы, сирингомиелия) бар балаларды хирургиялық жолмен емдеу жүргізіледі. .
Бөлімше мамандары миға эндоскопиялық операциялар жасауда мол тәжірибе жинақтаған. Бұл жерде қазіргі навигациялық жүйені интраоперациялық тұрғыда қолдану операция нәтижесінің оңтайлы шешілуінің кепілі.
Бөлімшенің жабдықталуы
Бөлімшеде заман талабына сай диагностикалық және хирургиялық жабдықтар бар:
- эндоскопиялық бейнежүйе;
- ми мен бас қысымының биомеханикалық мониторингі жүйесі;
- ультрадыбысты және лазерлік дезинтегратор;
- микрохирургиялық жабдықтар және құралдар;
- рамалық стереотаксиялық жүйе;
- эндоваскулярлы операциялар үшін катетерлер мен құралдар;
- ликворды дренаждау жүйесі.
- рамасыз нейронавигациялық станция,
- бассүйектің қатты және жартылай қатты (балалық) жүйесінің фиксациясы,
- интраоперациялық нейрофизиологиялық станция,
- аутогемотрансфузия станциясы,
- нейростимуляторлар.
Әрбір палатада ана мен баланың стационарда өзін жайлы сезінуі үшін барлық жағдайлар жасалған – құрастырмалы жиһаз, бөлек дәретхана бөлмесі, душ қабылдау бөлмесі, функционалды керуерттер. Бөлімшеде медициналық персоналды шақыру жүйесі жұмыс істейді. Балалар бөлімшесі құрылымында жаңа туылған балаларды күтетін 4 арнайы палата бар.
Бөлімше мүмкіндіктері
Бөлімше дәрігерлері заман талабына сай хирургиялық және қосымша емдеу түрлерінің барлық түрлерін қолданады, соның ішінде:
1. Ми ісіктерін интраоперациялық навигациялық жүйені қолдану арқылы микрохирургиялық жолмен алып тастау.
2. Интраоперациялық нейромониторингті қолдану арқылы ми ісіктерін микрохирургиялық жолмен алып тастау.
3. нейронавигациялық интраоперациялық жүйені қолдану арқылы ми ісіктерін эндоскопилық, трансназальдық және транссфеноидалдық жолмен алып тастау.
4. стереотаксикалық жүйені қолдану арқылы ми ісіктерінің биопсиясын жасау
5. Түрлі этиологиялық гидроцефалия жағдайында шунтирлеуші жүйенің имплантациясы
6. Түрлі этиологиялық гидроцефалия жағдайында эндоскопиялық вентрикулоцистерностомия
7. Қояншықтың фармакорезистетті түрі кезіндегі хирургиялық емдеу
8. Ми қан тамырлары аневризмасын клипирлеу
9. Ми қан тамырлары аневризмасын эндоваскулярлы емдеу (микроспиральмен, баллон немесе стнет көмегімен ремоделдеу)
10. Қан тамырлары аномалиялары жағдайында микрохирургиялық жолмен кесу
11. Қан тамырлары ауытушылықтарын жапсырғыш компоненттермен эндоваскулярлы эмболизация жасау (артериовенозды мальформация, артеривенозды фистула).
12. Каротид-кавернозды ұштасуды эндоваскулярлық емдеу
13. Мойын және бас тамырларын эндоваскулярлық стентирлеу
14. Зақымданған сегменті бар жарақаттанған омыртқаны тұрақтандыра отырып бірмезеттік резекциясын жасау
15. Жұлын мен мида біткен көлемді ісіктерді микрохирургиялық жолмен алып тастау
16. краниовертебральді өту жолының декомпрессиясы
Бөлімшеде балалар жүйке жүйесінде болатын аурулар диагностикасы мен емдеу жолының маңызды аспектісі болып табылатын бірқатар жаңа тұжырымдамалар енгізілген. Атап айтқанда гидроцефалияның, бассүйектің артқы бөлігіндегі ісіктердің, Киари мальформациясының, краниосиностоздың күрделі түрлерін эндоскопиялық әдіспен емдеу түрлері жетілдірілуде. Түрік, Ресей, Израиль медициналық мекемелерімен бірігіп бақылаулар мен зерттеулер жүргізеді.
Бөлімше меңгерушісі Өлеңбай Ғ.І. – бірінші санатты нейрохирург дәрігер. Беер-Шева қаласында (Израиль) «Сорока» университет клиникасының нейрохирургия бөлімшесінде және Нордштадт Ганновер (Германия) нейрохирургия клиникасында тағылымдамадан өткен. Миішілік ісіктердің, менингиомалардың хирургиясы, көпір-мишық бұрышы ісіктерінің және краниофасциальды ісіктердің микрохирургиясы бойынша маман. 15-тен аса басылымның авторы, 1 патенті бар.