Ақылы түрде
Біздің Орталыққа ақылы түрде емделуге жату үшін:
Орталықтың Жалпы нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирургына немесе невропатологына +7 (7172) 62-10-42, +7 (7172) 62-11-95 телефондары арқылы қабылдауға жазылу немесе электрондық мекен-жайға aigerim.nurlan@ncn.kz жазу қажет.
Жоспарлы емделуге жатуға қажетті құжаттар тізбесі:
Емделуге жату үшін барлық науқастар келесі құжаттар мен зерттеу нәтижелерін ұсынуы қажет:
- Орталық нейрохирургінің консультациялық ұйғарымы.
- Жеке бас куәлігі – түпнұсқасы және көшірмесі (жеке бас куәлігі/паспорт/туу туралы куәлік), барлығы жеке бланктерде.
Зерттеу қорытындылары:
- Көкірек қуысының флюорографиясы немесе рентгенографиясы (емделуге жатуға дейінгі 6 айдан аспаған).
- КТ және/немесе МРТ зерттеулері (емделуге жатуға дейінгі 6 айдан аспаған).
Жеңілдіктер мен шегерімдер
Ақылы көрсетілетін медициналық қызметтер құнының 20 (жиырма) пайызы мөлшеріндегі жеңілдік:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
- I және II топтағы мүгедектерге;
- «Алтын Қыран» ордендерінің, «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарының иегерлеріне;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасы мүшелері мен аналарға (растайтын құжаттар болған жағдайда) ұсынылады.
Ақылы көрсетілетін медициналық қызметтер құнының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі жеңілдік:
- III топтағы мүгедектер мен зейнеткерлерге ұсынылады.
Ақылы көрсетілетін медициналық қызметтер құнының 20 (жиырма) пайызы мөлшеріндегі жеңілдік пациент стационардан шығарылған күннен бастап 3 ай ішінде стационардан шыққандағы диагнозы бойынша қаралуға қайта жүгінген кезде беріледі.
Ақылы көрсетілетін консультациялық қызметтер құнының 50 (елу) пайызы мөлшерінде жеңілдік ақылы негізде қойылған диагноз бойынша алдыңғы консультация берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде консультация алуға қайта жүгінген пациенттерге жүргізіледі.
46-48-тармақтарда көрсетілген жеңілдіктер қосылмайды (жеңілдіктің ең жоғары мөлшері қолданылады) және акциялар мен өзге де арнайы бағдарламалар (Check-Up және т.б.) бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде ескерілмейді.
500 000 (бес жүз мың) теңгеден астам сомаға қымбат медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалана отырып медициналық қызметтер алған кезде пациенттерге медициналық мақсаттағы бұйымдарға 10 (он) пайыз және 1 000 000 (бір миллион) теңгеден астам сомаға 15 (он бес) пайыз жеңілдік беріледі.
Ақылы білім беру қызметтері құнының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі жеңілдік Қоғам қызметкерлеріне тиісті бұйрық негізінде ұсынылады.
Қосымша және бейресми білім беру бағдарламалары бойынша ақылы білім беру қызметтері құнының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі жеңілдік I, II және III топтағы мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған аналарға (растайтын құжаттар болған кезде) ұсынылады.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша ақылы білім беру қызметтері құнының 30 (отыз) пайызы мөлшеріндегі жеңілдік бір жыл ішінде 2 млн.теңгеден астам сомаға ақылы пациенттерді амбулаториялық және/немесе стационарлық емдеуге жіберген резидент емес агентке ұсынылады.
Біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша ақылы білім беру қызметтері құнының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде жеңілдік бір жыл ішінде 4 млн.теңге сомасына пациенттерді амбулаториялық және/немесе стационарлық емдеуге жіберген резидент агентке ұсынылады.
Орталық туралы ақпарат
Ұлттық нейрохирургия орталығы – Қазақстандағы және Орта Азиядағы нейрохирургия саласының заманауи емдік-диагностикалық, хирургиялық және қалпына келтіру қызметтерінің барлық кешенін ұсынатын жетекші клиника. Орталық көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі жетілдіріп отырады:
2010 жылы - Ұлттық аккредитациядан сәтті өтті.
2011 жыл – Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (International Organization for Standardization) ISO 9001-2000 сапа сертификатын иеленді.
2012 жыл - Медицина саласындағы «Сапа үшін еуропалық Гран-при» марапатын алды.
2013 жылғы наурызда Халықаралық Біріккен комиссия (Joint Commission International) аккредитациясынан өтті және сертификатын алды. JCI аккредитациясы Медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін әлем обьективті түрде мойындайтын «алтын стандарт» болып табылады.
2016, 2019, 2022 жылдары - Joint Commission International (JCI, Халықаралық біріккен комиссиясы) үш жылдық ре-аккредитациясынан өтті.
Бұдан өзге, біздің Орталық Орта және Орталық Азия нейрохирургтарының сұхбат алаңына айналды, мұнда көптеген ірі іс-шаралар: ҚР нейрохирургтарының І, ІІ және III Съездері, Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының (WFNS) және Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының (EANS) білім беру курстары, әлемнің жетекші мамандарының қатысуымен нейрохирургтардың Х Азиялық конгресі және Нейрохирургиялық мейіргерлердің ІІІ Азиялық конгресі өткізілді.
Ұсынылатын медициналық қызметтердің сапалы екендігіне клиниканың шетелдік пациенттермен мойындалғаны дәлел бола алады. Орталықта таяу және алыс шетелдерден келген пациенттер ем қабылдайды. Әлемдік ғылыми медициналық орталықтармен белсенді халықаралық ынтымақтастық орнатылған.
Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, орталық жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу ең алдыңғы қатарлы, қауіпсіз медициналық технологиялардың қолданылуымен жүргізіледі. Медициналық қызметтерді шетелдік жетекші клиникаларда оқу-тәжірибеден өткен жоғары білікті мамандар көрсетеді.
Дайындықтан өткен біздің мейіргерлер мен кіші медициналық персонал емдеу барысында Сіздің қасыңыздан әрдайым табылады. Жаныңызға жайлылықты толық сезіну үшін тұрмыстық техника, Финляндияда шығарылған анатомиялық матрастары бар ыңғайлы функциональдық кереуеттер, персоналды шақырту түймешігімен жабдықталған барлық қажетті жағдайлар қарастырылған бір және екі орындық палаталар бар, тәулігіне 4 рет тамақтандыру ұйымдастырылады. Орталығымыздың әрбір пациентіне зейінді, кәсіби қызмет және ыстық ықылас көрсету – бұл біздің Орталықтың басты ұстанымы. Біз өз тарапымыздан Сіздің Орталықта қабылдайтын еміңіздің шипалы, дертіңізге дауа болуы үшін барлық жағдайды қарастырамыз.



