Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Көпіршік бұлаулар

Көпіршік бұлаулар – жасанды жолмен дайындалады.  Бұлауларды дайындау үшін тұщы суды 0,5 –тен 1,5-ке дейінгі атмосфера қысымындағы оттегімен қанықтырады. Негізгі әсер етуші  температуралық және механикалық емдік факторлар саналады. Осы температуралардың әртүрлілігі тері рецепторларын тітіркендіріп және ағзадағы ішкі үдерістерді жандандырумен ағзаға контрастылы әсер етеді. Көпіршік бұлаулар орталық және перифериялық нерв жүйесі аурулары кезінде қолданылады, себебі қозғыштықты азайтады, нерв жүйесін тыныштандырады, ауырсыну сезімін азайтады және бұлшықеттердің нервтік реттелімін қалпына келтіреді. Емшараны нерв жүйесінің функциялық бұзылыстарымен ауыратын, омыртқа және тірек-қимыл аппаратының проблемалары бар пациенттерге тағайындайды. Көпіршік бұлау 10-15 минутқа созылады, ал емдеу курсы күн сайын немесе күнара жүргізілуі тиіс 10-15 емшарадан тұрады. Біздің Орталықта көпіршік бұлаулар минералдармен, шунгит салынған қылқанды бұлаулар тағайындалады. Мұндай бұлаулар қантамырларын кеңейтеді, заталмасуды және қанайналымын жақсартады, бүкіл ағза секрециясын қалыпқа келтіреді және уытсыздандыру әрекетіне ие.