Омыртқаны су астында созу немесе тракциялық терапия - бұл тірек-қимыл аппаратын емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі. Омыртқаны су астында созу кезіндегі емдік әсер пациентке жалпы бұлау мен тракцияның үйлескен бір мезеттегі әсер етуімен беріледі. Омыртқаны су астында созу омыртқаның бел аумағына анағұрлым күшті әсер етеді. Бұған су аяқты созып жатумен байланысты омыртқаның бел аумағындағы лордоздың болмашы кішіреюі әсер етеді. Созудың әсерінен науқастардың көпшілігінде түбіршіктік ауырсынулар бірден тоқтайды.
Омыртқаны су астында созу көрсетімдері болып омыртқаның бел-сегізкөз бөлігінің остеохондрозының түрлі синдромдары:
- омыртқаралық диск жарықтары, неврологиялық көрінісімен люмбалгия;
- омыртқадағы қимыл көлемінің шектелуі түріндегі статика-динамикалық бұзылыстарымен люмбоишиалгия;
- сколиоз;
- кифосколиоз;
- бел лордозының жалпақтануы;
- түбіршіктік компрессия;
- компрессиялық радикулопатиялар;
- Бехтерев ауруының бастапқы көріністері;
- формасы өзгерген спондилез;
- компрессиялық-механикалық фактордың, түбіршіктер компрессиясымен бірге болатын омыртқааралық диск протрузиясының, омыртқараралық буын капсуласының қысылуы әсері кезіндегі вертебральдық синдромдардың жіті және жеделдеу ауырсындыру көріністері;
- механикалық – компрессиялық фактордың әсерінен болатын рефлекстік нейротамырлық, бұлшықет –тонустық цервикокраниалгия, цервикобрахиалгия;
- түбіршіктік емес генездің нейроқоректік және нейротамырлық бұзылулары;
- өзгермеген немесе жеткілікті түрдегі жалпақ жұлынми каналы бар науқастардағы механикалық – компрессиялық фактордың әсерінен болатын баяу дамып келе жатқан, өрескел емес радикуломиелоишемиялық синдромдар;
- псевдоспондилолистез (жоғарыда жатқан омыртқаның дене көлемінің 1/3 аспайтын «сырғанауы» кезінде, омыртқаның мойын бөлігінде -1/5 );
- арқа эректорларының асқынған патогенерацияланған микрофиксациясы саналады.
36-37 С температура кезіндегі судың тері нервтерінің түйісу жерлеріне әсер етуіне көлденең аралық мускулатура тонусының төмендеуі себеп болады, бұл өз кезегінде жұлынми нервтері өтетін омыртқа және омыртқааралық тесік арасындағы қашықтықтың ұлғаюына әкеледі. Осындай нервтің қысылуы кезінде (мысалы остеохондоз кезінде), су астындағы созу уақытында ауырсындыру азаяды. Бұдан өзге, су астындағы созу кезінде бұлшықет тонусының төмендеуі қантамырлық спазмаларды жоюға әсер етеді және зақымдалған аумақтағы қанайналымды жақсарады.
Тракцияны жылы суда өткізу әдістемесі әсер етудің айтарлықтай жұмсақ және физиологиялық сипаттамасына ие. Омыртқаны механикалық созуға бұлшықет тонусын төмендетуге, тіндердің релаксациясына және ауырсындырудың қарқындылығын төмендетуге әсер ететін жылы сулық ортаның әсері қосылады.