Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Субалшықпен емдеу

Минералды, органикалық заттардан, ерітілген газдардан, биологиялық белсенді заттардың үлкен мөлшерінен тұратын медициналық балшық адамның негізгі функциялары мен жүйелеріне: тыныс алу, қанайналымы, зат алмасу, зат бөлінуге жан-жақты әсер етеді. Балшық тіндерге механикалық, химиялық және жылу әсерін көрсетеді. Осылардың барлығы ағзаның айқын рефлекстік реакциясы мен жергілікті реакциясын жүзеге асырады, бұл нәрлендіруші, қантамырбелсенділігін, қабынуға қарсы және таралу әсерін айқындайды, дәнекер тіннің созылмалы кеңістікте ретке келтірілген беріштердің қалпына келуіне ықпал етеді. Жергілікті қанайналымының, инфильтраттардың таралуының жақсаруы, қалпына келтіру және заталмасу үдерістерінің күшеюі жүзеге асады. Осының барлығы зақымдалған мүшенің қалпына келуіне әкеледі. Бұдан өзге, адамның гормонды ортасына және иммундық жүйесіне айқын әсер етеді, сауығуға нақты ықпал ететін ағзаның қорғаныс күштері жанданады. Жергілікті қолданудың әсерінен сүйек-бұлшықет жүйесі жақсарады, ағзадағы қорғаныс үдерістері күшейе түседі.

Біздің Орталықта балшықпен емдеудің келесі әдістемесі қолданылады: жұқа қабатты балшық аппликациялар. Арнайы өлшеніп оралған балшықтан жеке жұқа қабатты балшық аппликациясы жасалады. Аппликация жылытылған түрде бір рет қана қолданылады, содан кейін жойылады. Орталықта қолданылатын балшықтар сульфидті, яғни тұзды су қоймасының су түбіндегі балшықты шөгіндісі.

Балшықпен емдеуге көрсетімдер:

  • тірек-қимыл аппаратының қабынбалы;
  • дистрофиялық - алмасу, жарақаттану сипатындағы аурулары (құздамалық артрит, Бехтерев ауруы, деформацияланған остеоартроз, артропатиялар);
  • перифериялық нерв жүйесі аурулары.

Сонымен Орталықта парафинді - озокерит емі жүргізіледі. Озокерит немесе кен балауызы – бұл қоңыр немесе қара түсті табиғи көмірсутегі қосылыстары. Ол парафин тізбекті көмірсутегі қоспасынан, минералды майлардан, шайырдан және газтектес көмірсутегі қатарынан тұрады. Парафин мен озокериттің әсер ету механизмінде жетекші орында жылу факторы тұр. Олар жергілікті дене температурасын  жоғарылатады және терінің белсенді қан кернеуін арттырады, капиллярлық қанағымын жандандырады, аймақтық  гемодинамика мен метаболикалық үдерістерді жақсартады, түйілуді басу әсерін береді, тер бөлінуін күшейтеді, вегативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімдерінің тонусын жоғарылатады. Парафин мен озекерит қабынбалы инфильтраттардың, беріштер мен жабыспалардың  таралуына ықпал етеді, қайта жандандырушы үдерістерді ынталандырады.

Озекеритпен емдеу тірек-қимыл аппаратының аурулары мен жарақаттарында ұсынылады, ауру мен жарақаттан кейін перифериялық нерв жүйесін, ішкі мүшелердің (пневмония, гепатит, плеврит, гастрит, колит) ауруларын, тері ауруларын, тромбофлебитті қайта қалпына келтіруге  оң әсер етеді. Озекерит аппликациялары нервтер жалғанатын жерлерге оң ықпал етеді, түйілуге қарсы, қабынуға қарсы, тіндердің жандануын күшейтетін, сонымен қатар ауырсынуды басатын, таралушы, қантамырларын кеңейтуші әсерге ие екендігі белгілі.