Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Өрлеме душ

Өрлеме душ ішкі жағында көптеген тесіктері бар, сол арқылы су қысыммен Сіздің денеңізге бағытталатын шағын диаметрлі көлденең өрлемелі (шеңбер бойынша орналасқан) түтікшелер жүйесінен тұрады. Өрлеме душ емшарасын бастау кезінде су температурасы әдетте 35-30 С болады, біртіндеп оны 25 С төмендетеді. Душтың ұзақтығы 5-20 минут және мұндай жағдайларда әсер ету де әртүрлі. 5 минут ішінде ағза босаңсыйды, бірақ емшарадан кейінгі 7-10 минуттан кейін жұмсақ қозу сезімі- нерв жүйесінің және бүкіл ағзаның тонусы жоғарылайды. Жұмсақ  ағындар перифериялық рецепторларды тітіркендіре отырып, шаншу әсерін жүзеге асырады. Сол себепті өрлеме душ жалпы нығайтушы және әлдендіруші әсер етеді, эмоциялық және физикалық белсенділікті жоғарылатады, ағзаның барлық ішкі мүшелеріне қанның келуін арттырады.

Өрлеме душ омыртқадағы ауырсынуларды жоюға арналған тамаша құрал болып табылады, ми және жұлынды ынталандыруға ықпал етеді, нерв жүйесінің функциялық бұзылыстарын, стресс, төменгі артериялық қысымды емдеуде қолданылады.