Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

4 камералы электрогальваникалық бұлау

4 камералы электрогальваникалық бұлау – аяққа арналған 2 камералық бұлаудан және қолға арналған 2 жеке камерадан тұратын құрылғы. Емшара аяқ пен қолға арналған гальваникалық тоқ пен жергілікті бұлаудан (судың температурасы 37 градус) тұрады. Қажеттілігіне қарай дәрілік ерітінділер салынады. Бұл бұлау денсаулық жағдайы бойынша бүкіл денеге бұлау тағайындау мүмкін болмайтын науқастарға арналған. Сеанс ұзақтығы -15 минут.

Бұлаудың  емдік әсері ағзаға су арқылы  әсер ететін гальваникалық тоқты қолдануға негізделген. Бұлаудың  әсерінен тамырлардың кеңеюіне әкелетін тамырларды қозғалтатын нервтердің тітіркенуі орын алады. Электрогальваникалық бұлаудың әсерін контрастылы душтың немесе ағзаға ыстық және суық судың қысқа уақытта алма кезек әсер етуімен салыстыруға болады. Емшара қабынуға қарсы айқын әсерге ие, лимфа және қанайналымын жақсартады.

Электрогальваникалық бұлауды қолданумен емшаралар курсын жүргізу омыртқаның әртүрлі бөліктеріндегі остеохондрозда, кез-келген бейіндегі остеоартроз бен остеоартриттерде, тірек-қимыл аппаратының жарақаттарынан кейін ауырсынуды басады, қанайналымын және қозғалысты жақсартады. Перифериялық нерв жүйесінің аурулары кезінде сезімталдылықтың әртүрлі түрлері қалпына келтіріледі, аяқ-қолдағы ұйып қалу, шаншу сиаптындағы парестезия көріністері азаяды немесе жойылады.

4 камералы электрогальваникалық бұлау тірек-қимыл аппаратындағы созылмалы қабыну зақымдануларын және дистрофиялық өзгерістерді, перифериялық салдануды, ревматизмнің, вазоневроздардың бірқатар формаларын, жарақаттанғаннан кейінгі жағдайларды,тынымсыз аяқ синдромын, аяқ-қол бұлшықеттерінің төменгі тонусын және құрысуларды емдеуде қолданылады, қантамырларын кеңейтеді, зат алмасуды жақсартады, секрецияны жандандырады, қанның ұйығыштығын төмендетеді.