Психологиялық-педагогикалық оңалту
Біздің Орталықта сенсорлы бөлме 2009 жылдың қаңтарынан жұмыс істейді. Негізгі патология мен қосымша аурулардың формаларына байланысты сенсорлы бөлмеде сеанстар келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
• бұлшық ет және психоэмоционалды ширығуды алып тастау, релаксация жағдайы мен жан тепе-теңдігіне қол жеткізу;
• орталық жүйке жүйесінің түрлі атқарымдарын мультисенсорлы орта есебінен жылдамдату;
• әлсіреген сенсорлық атқарымдарды (көру, сезу, есту және т.б.) ынталандыру;
• қозғалыс атқарымдарын дамыту;
• оң эмоциялы фонды қалыптастыру, басқа емдік процедураларды жүргізуге мотивацияны жоғарылату.
Сенсорлы бөлме релаксацияға қол жеткізуге өз әсерін тигізеді және орталық жүйке жүйесінің әртүрлі атқарымдарын белсендіруге мүмкіндік туғызады:
• барлық сенсорлық процесстерді ынталандырады;
• оң әсер ететін эмоциялық фонды қалыптастырады және эмоциялық ерік-жігерлі ортадағы бұзылыстардан арылуға көмектеседі;
• зерттеу қызметіне қызығушылықты тудырады;
• қабыршықтың жоғарғы атқарымдарының бұзылыстарын үйлестіреді;
• жалпы және ұсақ моториканы дамытады және қозғалыс бұзылыстарын үйлестіреді.
Осылайша, қойылған мақсаттарға байланысты сенсорлы бөлмедегі сеанстарды келесідей қарастыруға болады:
• өз бетінше оңалту процедурасы ретінде;
• өзге де медициналық-психологиялық шараларға дайындық тәсілі ретінде;
• оңалту процессін оңтайландыру құралы ретінде.
Орталықтың Нейрооңалту бөлімшесінде жүргізілген сауалнамалар мен тексеруші тестілерден кейінгі қорытынды бойынша психологиялық әсер етуден кейін (сенсорлы бөлмедегі сабақтар өтуді қолданумен) пациенттердің 82% айтарлықтай жақсару болғандығын, 9 % айтарлықтай ілгерілеу болмағандығын айтуға болады, жақсару байқалмаған пациенттерге психотерапияны қосымша диагностика мен бағдарламаны үйлестірумен жалғастыру ұсынылады. Оң нәтижелерге ағзаның жалпы сауығуы, нығайтылуы жатады. Созылмалы аурулардың асқынуы саны азаюда, сауығу мен оңалту процессін жылдамдату; қозғалыс қабілеттілігі және нерв жүйесінің дамуы (шапшаңдық, координациялау, қозғалыс реакциясы), жинақылықты, тәртіптілікті, есте сақтауды, назар салуды, ойды дамыту, зерде-парасатты дамыту, сөздік қорды байыту. Біздің Орталықта арт-терапия бөлмесі өз қызметін 2009 жылы бастады. Бөлімшенің оңалту бағытындағы қызметін ескере отырып, арт-терапия жұмысы келесі мәселелердің шешімін табуға бағытталған:
• пациенттерді қызықты да мазмұнды іске тарту: шығармашылық дағдыларды дамыту және қолдау есебінен оларды еңбекке баулуға;
• сенсорлық стимуляция және эмоциялық жандану; шығармашылық белсенділік және оның қорытындыларымен байланысты жақсы эмоцияларды бастан өткеру және сезімдерді сезінуге;
• коммуникативтік дағдыларды, дербестікті және өзін-өзі ұйымдастыра білушілікті қолдауға және дамытуға;
• пациенттердің психологиялық интеграциясын, өзін-өзі қабылдаудың және өзін-өзі түсінудің айтарлықтай жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге;
• өзін-өзі бағалау мен өзіндік сана-сезімді және басқа да міндеттерді жоғарылатуға.
Арт-терапия заманауи материалдарды: бояу, қарындаш, балауыз, саз балшық және жұмсақ материалдарды қолданушы экспрессивті терапия формаларының бірі болып табылады. Арт-терапия дәстүрлі психотерапиялық теория мен шығармашылық процесстің психологиялық аспектілерін түсіну техникасын қамтиды. Психологпен немесе топтағы қарым-қатынасты белсендіруге бағытталған әртүрлі көркемдік материалдардың аффектілік қасиеті жалпы алғанда бір жағынан өзінің күйзелісін, проблемаларын айтарлықтай анық, нәзік жеткізу, екінші жағынан шығармашылық өз ойын білдіру болып табылады. Терапияның маңызы – пациентті өз ойын еркін білдіру арқылы саналы түрдегі және санасыз әрекеттерге итеру. Бұл үшін жағымсыз эмоцияны қағазға түсіру арқылы адамға өз проблемасын бейнелеумен сурет салғызу керек.
Орталықтың Нейрооңалту бөлімшесінде пациенттермен жұмыс жасау кезінде студиялық және тақырыптық топтардың элементтері байланыстырылады. Мұндай байланыстыру топ құрамының өзгеріп отыратындығымен де байланысты, түрлі бұзылыстар (ішкі және жеке адамдар арасындағы, қиын кезеңдегі жағдайдағы, жарақаттары, невроздық және психосоматикалық бұзылыстары бар) және ауру бетінің қайтуының түрлі сатысындағы пациенттердің бар болуымен түсіндіріледі. Осыған байланысты коммуникация мен инсайтқа түрлі икемділігін ескере отырып әртүрлі ынталандыру және танып білу мүмкіндіктерін қолдану. Студиялық әдістеме әрбір пациенттің жеке жұмыс қарқынын және психикалық динамикасын ескеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар пациенттің қажеттілігі ескерілуімен бейнелеу өнерін терең талқылауды түрлендіреді.
Сөйлеу бұзылыстары бар пациенттермен логопедтің жұмыс жасауы
Мидың жергілікті бұзылыстарынан (инсульт, ауыр бассүйек-ми жарақаты, мидағы немесе қан тамырлардағы ісіктерді алып тастау операциялары) кейін сөйлеудің ауыр бұзылыстары орын алады. Солардың ішінде кең таралғаны афазия және дизартрия болып табылады, басқа да жоғарғы психикалық атқарымдардың патологияларымен (агнозия мен апрасияның әртүрлі түрлері), оң жақтамалық гемипарезбен және психикалық бұзылыстарымен де жиі кездесіп отырады.
Біздің Орталықта афазияның әртүрлі формасымен ауыратын пациенттермен нейропсихологиялық біліммен қаруланған логопед-афазиолог топикалық және сөйлеу диагнозын қою мақсатында, нейропсихологиялық диагностикада кең қолданылатын әдістемені қолдана отырып жоғарғы функциялық атқарымдардың жүйелік талдауын білікті түрде жүргізеді. Алынған нәтижелерді ескере отырып, қалпына келтіру бағдарламасын жасайды, оңалту жолдарын жоспарлайды.