Массаж
Массаж — науқасты операция алдын және операциядан кейінгі кезеңде оңалтудың маңызды емдік факторы саналады. Массаждың нерв-рефлекторлық механизмі көптеген нерв рецепторларының алмасу процесстерінің және тіндік тыныс алудың артуы, биологиялық белсенді заттардың белсендендірілуі, қан айналымының жақсартылуы түріндегі айтарлықтай тітіркенуіне себепкер болады. Массаждың механикалық факторы ағзаның барлық сұйық орталарының (қан, лимфа, тінаралық сұйықтықтар) қозғалыстарын, тіндердің созылуы мен жылжуы есебінен болатын іркілісті көріністерді жояды.
Массаж пациенттерді алынған жарақат, сыну, тірек-қимыл аппараты аурулары, буындардың шектеулі қозғалысы кезінде оңалтуға көмектеседі.
Көптеген аурулар кезінде күн сайын немесе күнара жасалатын емдеу курсы 10-12 массаж бірлік тағайындалады. Жергілікті массаж процедурасының ұзақтығы 8-20 минут, жалпы - 45 минут. Курстарды қайталау арасындағы үзіліс әрбір науқасқа жеке анықталады.
Тірек-қимыл аппараты ауруларынан кейінгі оңалту
Массаждың ағзаға әсер ету деңгейі ауру түріне байланысты. Тірек-қимыл аппараты ауруларынан кейінгі оңалту процессі барысында массаж емшаралары бұлшық ет жиырылуын белсендіруге, тін трофикаларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қозғалыс функцияларының жылдамырақ қалпына келтіреді. Перифериялық нервтерге әсер ету есебінен жарақаттанған аумақтардағы ауырсыну сезімдері басылады. Массаж жасалған аумақта қан жүрудің жақсарғаны байқалады, бұл алмасу процесстерін стимуляциялайды. Тек массаж ғана буындардың атрофиясын болдырмауға мүмкіндік береді, емдеу кезінде алдын алуға мүмкіндік болмаса, оңалту барысында емдеуге болады. Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен зақымданулары көбіне ісіктермен, қан құйылулармен, инфильтраттармен бірге болады, яғни олардың уақыт жоғалтпай басылып таралуы қажет. Бұл жағдайда массаж таптырмас ем саналады. Қаңқа, бұлшық ет, буындардың зақымдануынан кейінгі оңалту кезінде массаж жасауға болмайтын бірқатар жағдайлар бар. Массаждың әсерінен науқастың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін, егер науқастың дене қызуы көтеріліп қалтырап жатса, науқасты оңалту сүйек сынуы жағдайында жүргізіліп жатса. Жарақат, сүйек тіні, бұлшық ет, лимфалық түйін маңайындағы терінің кез-келген жіті қабынуы, іріңді артриттер, гемофилия, туберкулездың асқынған сатысы массаж жасауға қарсы көрсетімдер болып табылады.
Инсульттан кейінгі оңалту
Инсульттан кейінгі оңалту кезінде массаж буындардың, омыртқа бөліктерінің қозғалысын жақсартуға, бұлшық ет және сіңірлердің созылымдылық қасиеттерін арттыруға бағытталады. Бұған қоса массаж нерв жүйесін белсендендіруге көмектеседі: дұрыс орындау техникасы таңдалған жағдайда тірек-қимыл аппаратының рецепторларынан келетін нервтік импульстар миға барады және ми қабығының атқарымдарын ынталандырады.
Біздің Орталықта массаждың келесі түрлері жасалады:
• классикалық;
• нүктелік;
• шарикотерапия;
• сегментарлы-рефлекторлық;
• периостық, сүйекқаптық;
• тінді жалғаушы;
• ароматерапиялық;
• аква-массаж;
• гидромассаж;
• бал;
• целлюлитке қарсы.