Орталықта ересектермен қатар балаларға да орталық және перифериялық нерв жүйесінің әртүрлі патологиялары, омыртқа аурулары кезінде жеке және топтық әдіс бойынша емдік дене шынықтыру (ЕДШ) жүргізіледі. Заманауи әдістер операциядан кейін ерте оңалтудан бастап, пациенттерге қалпына келтіру емінің түрлі кезеңдерінде оңалту көмегін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз Бөлімшеде қозғалыс режимі, үй жағдайында, жұмыста және демалыс уақытында емдік денешынықтыру бойынша, сонымен қатар бұқаралық сауықтыру орындарына (тренажерлік залдар, фитнесс-клубтар, спорт секциялары және т.б.) бару жөніндегі пайдалы ақпараттарды - ЕДШ дәрігерінің толыққанды консультациясын, тұрмыста күнделікті қажетті кеңестерді ала аласыз. Жеке сабақтар ЕДШ дәрігерінің бақылауында тәжірибелі нұсқаушы – әдіскермен жүргізіледі. Бөлімшеде емдік дене шынықтыру бойынша 2 зал және гидрокинезотерапия жүргізуге арналған бассейн бар. Жаттығу залдары қозғалыс бұзылыстарын қалпына келтіру және жақсартуға арналған заманауи медициналық тренажерлармен жабдықталған. Аталған тренажерлар жаттығу режиімін әрбір пациенттің ерекшелігін ескере отырып жеке таңдауға мүмкіндік береді.
ЕДШ сабақтары жүргізілетін патологиялардың тізбесі:
- орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары (бассүйек-ми жарақаты, ми қанайналымының бұзылысы, мидың және жұлынның жарақаттық аурулары, сонымен қатар олардың зардаптары, вегативтік жағдайлар);
- омыртқа аурулары (остеохондроздар, омыртқа жарықтары мен протрузиялары, омыртқа жарықтарын операциялық жолмен алып тастағаннан кейінгі жағдайлар, сколиоздар, омыртқаның қабынбалы аурулары, омыртқаның жаңа өсінділерін алып тастау);
- омыртқа жарақатынан кейінгі оңалту емі;
- мидағы ісіктерді алып тастағаннан кейінгі, мидың қан тамырлық аурулары (аневризмалар, ОНМК зардаптары, Паркинсон, ДЭП және басқа аурулар) кезіндегі қалпына келтіру емі;
- перифериялық нерв жүйесінің зақымдануларынан (невриттер, жарақаттық зақымданулар) кейінгі қалпына келтіру емі;
- басқа да бейінді пациенттерді (жүректің ишемиялық ауруы, ревматизм, жүрек және өкпе аурулары, тірек-қимыл және буын аппараттарының жарақаттарынан кейінгі) қалпына келтіру емі;
- салмақты үйлестіру мен дене пішімін үлгілеу бойынша бағдарламалар;
- жалпы сауықтыру бағдарламалары.
ЕДШ бойынша сабақтарды өткізу үшін бейінді маман мен ЕДШ дәрігерінің консультациясы қажет. Қажеттілік болған жағдайда Сізге қосымша зерттеулер тағайындалады, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер анықталынады, содан кейін осы немесе өзге де емшараларды өткізуге тағайындаулар жазылады. Оңалту барысында бөлімше дәрігерлері емдеуді үйлестіріп отырады және динамикалық бақылау жүргізеді. Емдеу курсының соңында Сіз қажетті ұсынымдарды аласыз.
Біздің әдістер
Кинезотерапиямен көмек көрсету кезінде ірі және майда буындар, неврологиялық аурулар, омыртқа жотасы мен тірек-қимыл аппараты аурулары, психикасы бұзылған және т.б. аурулар ойдағыдай емделеді. Инфаркт, инсульт алған, бас-ми жарақаты бар сырқаттар үшін кинезотерапия ең үздік оңалту әдісі болып табылады. Осы әдістің негізгі міндеті қоғалыспен және арнайы күшпен емдеу болып саналады, сондай-ақ оған дұрыс тыныс алу, тамақтану және су процедуралары кіреді. Сіздің денсаулық жағдайыңызға байланысты жеке немесе топтық жаттығулар жүргізіледі.
Гидрокинезотерапия немесе бассейндегі гимнастика – ағзаға сулы ортаның және суда жасалатын жаттығулардың әсер ету спецификасы ескерілген жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бассейндегі жанға жайлы температуралық режим пациентке ағзаны барынша босаңсытуға, оң эмоциялар алуға және ЕДШ залындағы жүргізілетін сабақтар уақытында әрқашан қол жеткізу мүмкін бола бермейтін жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Тұрақты жаттығулар зат алмасуды, қанайналымын, лимфаағынын, мүсінді, тірек-қимыл аппараты жағдайын, иілгіштікті және жалпы дене жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Механотерапия – бұл арнайы тренажерларда жүргізілетін ЕДШ. Механикалық аппараттардағы жаттығулар қан және лимфа айналымын, бұлшық ет және буындардағы зат алмасуларды жақсартуға, олардың атқарымдарын қалпына келтіруге әсер етеді. Бұл әдіс әдетте нұсқаушымен жүргізілетін емдік денешынықтыру жаттығуларымен үйлестіріледі.