Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Иглорефлексотерапия

Негізгі патологияның формасы мен жанама ауруларға байланысты сеанстар келесі емшараларды қолданумен бағытталуы мүмкін: 
Классикалық акупунктураны қолданумен қатар, Су-Джок терапияны да қолдану. Электроаупунктураны қолдану – бұл аурудың алдын алу және емдеу мақсатында акупунктуралық нүктелерге электр тогымен әсер ету әдісі. Көрсетілген әсер ету нүктелері орналасқан жердегі теріге жабыстырылатын акупунктуралық инелер арқылы немесе үлкен емес электродтардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Күйдіру. Әсер ету әдісінің мәні - ағзаның жауап қайтару реакциясын шақырту мақсатында денедегі нүктелерге жылумен әсер ету. Дәрі-дәрмектердің нүктелі инъекциясы – бұл акупунктуралық нүктелерге терапиялық мақсатта сұйық дәрілік заттарды енгізу. Банка қою терапиясы – бұл да сол терапиялық мақсатта. Лимфаағынды жақсарту үшін банкамен массаж жасауға да болады. Бұдан өзге, созылмалы аурулардың маусымдық асқынуларын ескере отырып біздің Орталықта инемен емдеу әдістеріне арналған көп деңгейлі иерархиялық уақыт энергиясы жүйесі қолданылады.