Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

УЖЖ-терапия

УЖЖ-терапия ең көп таралған, электроемдеу әдісі болып табылады. Ол ауру адамның ағзасына ультрадыбыс жиілігіндей электр өрісімен әсер етуге негізделген. Мұндай электр өрісі УЖЖ тербелістері генераторына өткізгіш сымдармен жалғанған екі конденсаторлық электродтардың көмегімен алынады. Әсер етуге қойылған дене бөлігі электродтардың арасына орналастырылады. Электродтардың біреуі ағзаның сәйкес қуыс бөлігіне,  екіншісі — дене бетінде орналастырылады. 

Жоғары жиілікті тербелістердің емдік әсерінің механизмі, заттарға, яғни ағза тіндегі атомдар мен молекулаларға бастапқы әсер етуіне байланысты болады. Жоғары жиілікті тербелістер әсері – екі негізгі эффект топтарына бөлінеді: жылулық эффект және спецификалық эффект. УЖЖ-терапия – электрмен емдеу әдісінің кең тараған түрі. Ауру адам денесінің тініне (УЖЖ) ультражоғары жиілікті электр өрісімен әсер етеді. УЖЖ-терапия кезінде (25-50МГц) иондық өткізгіш арқылы тінде біршама шығындармен қатар, дипольдік белоктық молекулалардың ориентациялық тербелісі әсерінен диэлектрлік шығындарға ұшырайды.

УЖЖ-терапия келесі жағдайларда қолданылады:

  • Тірек-қимыл аппаратының ауруларында;
  • Перифериялық нерв жүйесінің ауруларында;
  • Жұлын жарақатында;
  • Өкпенің қабынбалы ауруларында;
  • Терінің және теріасты талшықтарындағы қабыну, іріңді процестерде.