Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Синусоидалық модулярланған тоқтар

Тоқ әсері -  бұлшықет нерв элементтерін ынталандырады, ауырсынуды басады (аналгетикалық), тамырды кеңітеді, қоректік заттардың жеткізілуін (қоректендіруді ынталандырушы) күшейтеді. Синусоидалық модулярланған тоқтар (бұдан әрі-СМТ) - форез СМ-тоқтардың көмегімен дәрілік заттарды енгізу. Бұл жағдайда тоқтың емдік әсері дәрілік заттардың тиісті әсерімен толықтырылады.

Физиологиялық әсер ету механизмі      

СМТ әсері алуан түрлі. Диадинамикалық тоқтардың ауырсынуды басатын әсеріне ұқсас айқын ауырсынуды басатын әсер береді. СМТ ауырсынуды басу әрекетіне қанайналымының жақсаруы және венадағы іркілістің, ишемияның, тіндердегі ісіктің азаюы әсер етеді. СМТ қолдану орталық және перифериялық гемодинамиканың, тіндерді қанмен қамтамасыз ету, ми, жұлын және перифериялық артерияларын тонусының тұрақтануына әкеледі. Веналық және лимфа ағыны күшейеді. Гемодинамикалық ығысулар алмасу және диффузиялық процестердің жандануымен  бірге жүреді. Қанайналымының және тіндердің қоректенуінің күшейтілуі нәтижесінде алмасу және тотықтандырғыш - қалпына келтіру үдерістерінің қарқындылығы жоғарылайды, нерв тінінің энергетикалық әлеуеті және функциялық мүмкіндіктері артады. Сонымен қатар СМТ сырқаттану кезінде ағзаның қосымша мүмкіндіктерінің төмендеуінде компенсаторлық - бейімделуші үдерістерді жандандырады.

СМТ айқын көрінетін ауырсынуды басатын әсерге ие. Ауырсынуды басу әсері периферияларда орналасқан ауырсыну сезімталдылығы өткізгіштерін оқшаулайтын амплипульстерапиямен байланысты. Бұдан өзге, СМТ мида ауырсынуды тітіркендіруші доминантты толығымен ығыстыратын ырғақты тітіркендіруші доминанттың қалыптасуына әкеледі. Жергілікті деңгейде амплипулсьтерапия венадағы іркіліс пен ісіктерді жояды. Терапиялық әсер: нейростимуляциялаушы, анальгетикалық, тамырды кеңейтуші, нәрлендіруші.                                

  • СМТ тағайындауға көрсетімдер:
  • ауырсыну белгілері бар перифериялық нерв жүйесінің аурулары (нейромиозиттер, люмбаго, радикулиттер, радикулоневриттер);
  • омыртқаның мойын бөлігі остеохондрозының неврологиялық көріністері, созылмалы вертебробазиллярлық жетімсіздік;
  • перифериялық және орталық салдану кезіндегі қозғалыс фукцияларының бұзылуы;
  • 1 және 2 сатыдағы гипертония ауруы;
  • аяқтағы тамырлардың атеросклерозды тарылуы, аяқтағы созылмалы лимфостаз, жарақаттан кейінгі ісік және ауырсыну синдромы;
  • артроздар, артриттер.