Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Магнитотерапия

Магнитотерапия - бұл төменжиілікті  ауыспалы немесе тұрақты магнит өрісі қолданылатын физиотерапия әдісі. Бұл әдіс тіпті басқа емдеу әдістері тиімсіз болған уақытта да ұзақ әсерлі емдеу ретінде өз табыстылығын дәлелдеді. Магниттік алаң қан микроциркуляциясын, тінді қалпына келу (регенерация) процесін жақсартады. Остеохондрозды магнитотерапиямен емдеу қабыну процестерінің тоқтатылуына себеп болады, омыртқаның зақымданған аумағы интенсивті түрде оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі арқасында оңалу процесі тез жүреді. Әсіресе күрделі сүйек сынықтары кезінде, магнитік алаңның әсері тиімді. Магнитотерапия спорттық жарақаттар (байламның үзілуі, кесіп алу) буын ауруларын емдеу барысында тиімді әсер береді. Шығу жағдайына қарамастан, кез келген ауырсыну, магниттік алаңның әсерімен басылады. Бұдан басқа, магнитті қолданғаннан кейін тері жарақатындағы тыртық көлемі азаяды. Ревматизм-қабыну процесін тоқтататады, буын аурулары, ревматизм науқастары магнитотерапияны пайдаланғаннан кейін кортизон деңгейі көтерілгені байқалады. Бір реттік процедурадан кейін реакциялар тәулік бойы немесе одан да көп уақытқа сақталуы мүмкін. Магнит өрісі вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді, рецепторлық аппараттың сезімталдығын төмендетеді, ауыруды сездірмейтін әсер береді, әр түрлі мүшелердің және ағза жүйелерінің қызметтерін жүйкемен реттеуді жақсартады, антиспастикалық, тамырларды кеңейтетін және гипотензивті әсерлер тудырады. Магнитотерапияны қолдану кезінде әр түрлі мүшелерде және жүйелерде қан айналымы  мен метаболикалық үдерістер жақсартылады, ісіктер кетеді, ағзаның дәнекер тіндерін регенерациялауға ынталандырылады және белгілі-бір мөлшерде ісіп қызаруға қарсы әсер етіледі.    

Магнитотерапия келесі жағдайларда ем болады:

1.  Орталық және шеткі жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары: омыртқа, жұлын жарақаттарында, жұлынми қанайналымының бұзылуында, ми қанайналымының өткінші бұзылуларында, ишемиялық ми инсульттарында, остеохондрозда, невритте, шығу тегі әртүрлі полинейропатияларда, невралгияда, невроздарда, жүйке бұзылуында, ганглиониттерде, сырқырап ауыруда, фантомдық ауырсынулар, салдану, шала салдану, вегативтік-тамырлық дистонияда.

2.  Перифериялық тамыр аурулары: I-II-III сатыдағы тарылған атеросклерозда; I-II-III сатыдағы тарылған эндартеритте; тромбангит; қолқа-сан шунттауынан кейінгі жағдайларда.

3.  Тірек-қимыл аппаратының аурулары мен зақындануы: өзгеріске ұшыраған остеоартроз (I-II-III сатыдағы асқыну және ауру бетінің қайтуы), инфекциялық – уытты артриттер, әртүрлі этиологиядағы полиартриттер, бурситтер, эпикондилиттер, периартриттер, сынықтардың ұзақ бітуі, соның ішінде металлосинтезде, гипс таңғышының немесе Илизаров аппаратының болуы, қалта - байлам аппаратының соғылулары, созылулары,  шығуында.

4.  Операция жасағаннан кейін (операциядан кейін тыртық орнының дұрыс қалыптасуы және ертерек жазылу үшін).