Қабылдауға жазылу:
+7 (7172) 62-11-00
Ақпарат үшін:
+7 701 062 11 00
+7 747 511 60 00

ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Кванттық терапия

Бұл негізі ағзаның бұзылған функцияларын табиғи физиологиялық реттеу болып табылатын жарықпен сәулелеу әдісі. Кванттық терапияның негізгі емдеу факторы болып  жартылай өткізгіш арсенид-галий лазерлік диодының импульстық инфрақызыл лазерлік сәулесі саналады. Лазерлік сәулелеу монохром (араластырылмаған біркелкі), кеңістікті және уақытша когерентті және поляризацияланған қасиетке ие, осының арқасында қанайналымына, заттардың мембраналық жасушалық алмасуына күшті ықпал етеді, нейрогумаральды факторларды, иммунокомпетентті жүйені жандандырады, зат алмасудың гормональдық факторларын үйлестіреді.

Біздің Орталықта біз кванттық терапияны:

  • омыртқа патологияларын (остеохондроз, соның ішінде  ерте сколиоз, омыртқааралық диск жарықтары, ауырсынулар, қозғалыс бұзылыстары);
  • нерв жүйесі ауруларын (невроздар, невриттер, жүйке бұзылуы, балалар церебральды салдануы (БЦС), инсульттан кейінгі невроздар мен салдану, созылмалы ішкі аурулардың жіті және асқынулары кезіндегі оңалту);
  • буындарды (артриттер, артроздар, коксартроздар, контрактуралар, өкше сүйек сүйелі, миозит);
  • операциядан кейінгі жараларды емдеу кезінде сәтті қолданудамыз.

Кванттық терапия ауырсынуды жою, омыртқа және буын тіндерін қалпына келтіру процестерін жандандыру, бұлшықет жиырылуында қолданылады. Кванттық медицина әдістерінің  күмәнсіз басымдығы емшараларды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік,  жоғарғы тиімділік және ауырсындырмау болып табылады.