Қабылдауға жазылу:
      +7 (7172) 62-11-00
   


ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Магнит – резонансты томография

Біздің Орталықта орнатылған магнит өрісі кернеулігі  1,5 Тесл болатын өткізгіштігі жоғары магнит – резонсты томограф Siemens Symphony кесінді қалыңдығын 1-5мм дейін жеткізуге мүмкіндігі бар, бұл ағзалардың ұсақ бөлшектеріне дейін көрінетін сапалы кескіндерді алуға толық мүмкіндік береді.  

МРТ қызметінің тізбесі:

  • бастың (гипофиздың, мидың, мұрын қойнауларының) магнит-резонансты томографиясы;
  • контрастымен магнит-резонансты ангиография және магнит-резонансты ангиография (мидың және мойынның қантармырларының (артериялары мен веналарын) МРТ зерттеулері;
  • омыртқа бағанасы мен жұлынның магнит-резонансты томографиясы (кез- келген комбинациядағы мойын бөлігінің МРТ,  кеуде бөлігінің МРТ, бел аумағының  МРТ, сегізкөз-құйымшақ жігінің МРТ);
  • контрасты жіберілуімен қан тамырларының магнит-резонансты ангиографиясы;

МРТ келесілерді анықтауға мүмкіндік береді:

  • жаңа өспелер (қатерлі, қатерсіз,  метастаздар);
  • қабынбалы процесстер (жіті, созылмалы);
  • жарақаттық, жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі өзгерістер;
  • қан тамырларының патологиялары;
  • дистрофиялық және дегенеративтік өзгерістер, атрофиялық  процесстер, даму кемістігі.

 МРТ қарсы  көрсетімдер

       МРТ жүргізуге мүлдем болмайтын  көрсетімдер:

  • жасанды жолмен жүрек қағысы соғатын науқастар (градиентті магнит өрісі әсерінен асинхронды жұмыс режиміне ауысуы мүмкін);
  • жүректің жасанды қақпақшалары;
  • зерттеу уақытында пациенттің қозғалыссыз жатуы мүмкін емес жағдайда; 
  • ми қан тамырларының бассүйекішілік ферромагнитті гемостаздық клипстары (жылжу кезінде қантамырдың зақымдануы мен қан кетуі мүмкін);
  • қолқа  клипстары;
  • электродтар;
  • ферромагнит металл имплантаттар;
  • зерттеуге жататын анатомиялық аймақтағы  металлконструкциялар (металл пластиналар, дистракторлар және т.б.);
  • периорбитальды ферромагнитті бөгде зат (жылжуы кезінде көз алмасы зақымдануы мүмкін);
  • ортаңғы құлақтың ферромагнитті немесе  электронды импланттары;
  • айқын клаустрофобия;

МРТ салыстырмалы қарсы көрсетімдер:

  • клаустрофобия (жабық бөлмелерден қорқу);
  • эпилепсия, шизофрения;
  • жүктілік (әсіресе алғашқы үш айлық);
  • декомпенсацияланған жүрек жетімсіздігі;
  • түрлі жерде орналасқан қан тоқтатушы клипстар;
  • имплантталған нейростимуляторлар;
  • инсулин сорғы;
  • науқастың аса ауыр жағдайы;
  • физиологиялық мониторинг жасауға қажеттілік;
  • пациент салмағына шектеу (120 кг артық емес).

Әдетте МРТ зерттеулерін жүргізуге ешқандай арнайы дайындық қажет емес. МРТ әдістемесі бойынша пациент көлденең қалыпта жатқан бойы томографтың тар тоннеліне енгізіледі, томографта жату зерттеу түрлеріне байланысты әртүрлі уақытты алады (25-40 минут). Пациент зерттелініп жатқан анатомиялық аймақты қозғалтпай жатуы керек. 

Бірқатар МРТ суреттері вена арқылы сіздің қолыңызға контрастты ерітіндіні жіберу жолымен алынады. МРТ процедурасы ауырсындырмайды және сканерлеу кезіндегі томографтың шуылы мен процедураның ұзақтығы әсершіл адамдарға біршама қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Шуылды бәсеңдету үшін Сізге құлаққаптар ұсынылады. Зерттеу кезінде тынысыңызды еркін алыңыз, Сіз үнемі біздің қызметкерлердің бақылауында боласыз және өзіңізді нашар сезінсеңіз кез- келген уақытта  арнайы дабыл түймешегін басуыңызға болады.  Жеке заттар, асыл бұйымдар және бағалы заттар, металл бар киімдер, және электрмагнитті құрылғылар МРТ сканерлеу бөлмесіне кіргізілмейді. 

МРТ зерттеулердің диагностикалық тиімділігін жоғарылату үшін пациенттер өздерімен бірге алдыңғы МРТ зерттеулерін, сәулелі, зертханалық немесе функционалды диагностика әдістерімен орындалған зерттеулерді, сонымен қатар емдеуші дәрігерлерден зерттелетін аумақ пен зерттеу мақсаты көрсетілген жолдама немесе амбулаторлық картана ала келуі керек. 

Зерттеу аяқталғанан кейін пациентке жазбаша түрдегі зерттеу түрі баяндалған хаттама беріледі. Хаттамамен бірге Сізге кез-келген компьютерде ашып оқуға болатын СD-диск ұсынылады.  СD-диск ақпарат барынша толық жазылған және бақылау зерттемелері кезінде өзгерістерді салыстыру мен қарап шығу, өзге емдеу мекемелерінде консультация алу кезінде, басқа Орталықтар мен шетелге электронды түрде жіберу қажет болады.

Біздің Орталықта зерттеулер дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00 - 16.00-ге дейін,  алдын ала қабылдауға жазылу арқылы нақты жоспарланған уақытта жүргізіледі, алайда стационардан ауыр жағдайдағы пациентті алып келген жағдайда зерттеу уақыты өзгертілуі мүмкін. Зерттеулерді жетекші шетелдік клиникаларда оқудан өткен, үлкен тәжірибелі жоғары білікті нейрорадиологтар жүргізеді. 

Радиология бөлімшесінің дәрігерлері:

Байтурлин Жанибек Ганиевич - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары сантты дарігер, Радиология бөлімшесінің меңгерушісі.

Калиев Бауржан Бықытович-  дәрігер-радиолог.

Ргебаев Ринат Бакытбекович - дәрігер-радиолог. 

МРТ жүргізуге жазылу келесі телефондар арқылы жүргізіледі: +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00, +7 747 511 60 00.