Функционалды және сәулелі диагностика
Сандық рентген
Рентген осы уақытқа дейін аурудың ерте кезеңіндегі диагностикалаудың жетекші әрі қолжетімді әдістерінің болып табылады. Біздің клиникада рентген-зерттеулер түрлі аймақтарда: бассүйек, омыртқа бағанасы, ішастар қуысы және аяқ-қол зерттеулерінде қолданылады. Аталған шаралар пациентті жатқызып, отырғызып немесе тұрғызып қойып орындалуы мүмкін. Рентген кабинет толық автоматтандырылған кең көлемді сегментті бағдарламалы, мақсатты құрылғыға интеграцияланған көлденең жылжыйтын үлкен аумақты SIEMENS ICONOS 200 әмбебап рентген диагностикалық қондырғымен жабдықталған. Бұл аппаратта бейнені үлкейткіш және ТВ-радиолинейлі желі (асқазан-ішек ағзаларын зерттеу) арқылы рентгеноскопия және қимыл-тірек аппаратын, омыртқа бағанасын, кеуде, құрсақ қуысы ағзаларын, бүйректерге және зәр шығару жолдарын контрастылы зерттеуге мүмкіндік беретін таспалық рентгенография жасауға болады.
Дәрігер Сыздыкбаев Тулеген Халелович – Радиология бөлімшесінің сәулелі диагностика дәрігері. Сағат 09.00-ден - 16.00-ге дейін, дүйсенбі - жұма аралығында +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00 телефондары арқылы алдын ала қабылдауға жазылу арқылы жүргізіледі.
Электроэнцефалография (ЭЭГ)
ЭЭГ - бұл мидың функциялық жағдайын биоэлектрлік белсенділікті жазу көмегімен талдаудың инвазиялық әдісі болып табылады. Аталған зерттеулер түрлі неврологиялық аурулар: эпилепсия, энцефалопатияның әртүрлі түрлері, мидың көлемді зақымданулары, сонымен қатар қабыршық құрылымдарының функциялық кемелдену сұрақтарын шешуде қолданылатын диагностика кезінде қажет. Біздің Орталықта Жапонияда өндірілген «Nihon Kohden» фирмасының 19 каналды аппараты қолданылады. Процедура ауырсындырмайды және зияны жоқ. Бас терісі мен шаш таза болуы керек. Зерттеу пациенттің жалпы ағзасының еркін босаңсуы қалпында немесе ұйықтап жатқан кезінде (көрсетімдері бойынша балаларда) жүргізіледі. Емшара барысында маман пациенттің 1-3 минут аралығында жиі дем алуын сұрауы мүмкін, сәулелі жарықтар беріледі. Әдетте емшара бір сағаттай уақытты алады, алынған деректер одан әрі қарай талдау жүргізу үшін компьютерге жазылады.
Зерттеулер дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-16.00-ге дейін +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00 телефондары арқылы алдын ала қабылдауға жазылу арқылы жүргізіледі.
УДЗ
Қазіргі таңда УДЗ ауруды ерте сатысында анықтайтын, анық емес клиникалық көрініс кезінде нақты диагноз қоюға мүмкіндік беретін диагностикалаудың ақпараттық әдістерінің ең таңдаулылардың бірі болып табылады. Біздің Орталық Сізге келесі ультрадыбыстық зерттеу түрлерін ұсынады:
- Құрсақ қуысы мүшелерінің кешенді УДЗ;
- Қалқанша без УДЗ;
- Сүт бездерінің УДЗ;
- Бүйрек УДЗ;
- Кіші жамбас мүшелерінің (қуық, еркектік без) УДЗ.
Дәрігер Керімбаева Сана Елемесқызы – ультрадыбыстық диагностика дәрігері. Сағат 09.00-ден - 16.00-ге дейін, дүйсенбі- жұма аралығында +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00, телефондары арқылы алдын ала қабылдауға жазылу арқылы жүргізіледі.
Электрокардиография Nihon Kohden электрокардиографында жүргізіледі және жүрек жұмысы бұзылыстарын анықтауда қарапайым, қолжетімді әдіс болып табылады. Жүрек соғысының бұзылуы, экстрасистолия, жүрекше дірілі, пароксизмалды тахикардия, жыпылықтаушы аритмия – бұл электрокардиографияның көмегімен анықталатын жүрек ауруларының барлығы емес. ЭКГ көмегімен жүрек бұлшықеттерінің қоректенуі бұзылыстарын уақытында анықтауға мүмкіндік бар. Көбіне бұл бұзылыстар ишемия деп аталады, оның соңы миокард инфарктіне алып барады. ЭКГ нәтижелерінде жүрек көлемінің өзгерістері, жүрек қағысы өткізгіштігінің бұзылыстары, сонымен қатар басқа да аурулардың деректері беріледі.
Сағат 09.00-ден - 16.00-ге дейін, дүйсенбі -жұма аралығында жүргізіледі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00, +7 747 511 60 00 арқылы алдын ала қабылдауға жазылу жүргізіледі.
Дәрігер - Молдахметова Кульназия Минкаевна.
Эхокардиография заманауи ультрадыбыстық аппаратта жүргізіледі. Аталған әдіс нақты уақыттағы жүрек жұмысын көріп қана қоймай, сол жақ қарыншаның аймақтық және ауқымды атқарымдарын бағалауға, жүрек мөлшерін, қан ағысының жылдамдығын есептеуге, деректерді компьютерлік өңдеумен магистралды қантамырлардағы және жүрек қуыстарындағы қысым градиентін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу жүректің әртүрлі ауруларында миокард және клапандық аппарат жағдайын бағалау үшін қолданылады.
Дәрігер Керимкулова Гульнур Муратбековна.
Қабылдау сағат 14.00-ден - 16.00-ге дейін, дүйсенбі -жұма аралығында жүргізіледі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00 арқылы алдын ала қабылдауға жазылу жүргізіледі.
Дуплексті сканерлеу - Logiq 5 Expert (фирма «General Electric) сканерінде орындалатын артерия және веналарды ультрадыбысты зерттеу. Артерия, вена, брахиоцефалды артерия, қол-аяқ, қолқа қуысы және бүйрек артерияларының зерттеулері жүргізіледі.
Дәрігер Керимкулова Гульнур Муратбековна.
Қабылдау сағат 14.00-ден - 16.00-ге дейін, дүйсенбі -жұма аралығында жүргізіледі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00 арқылы алдын ала қабылдауға жазылу жүргізіледі.
Спирография Super Spiro (Micro Medical Ltd фирмасы) аппаратында жүргізіледі. Әдістеме ішкі тыныс алу функциясын анықтау үшін қолданылады. Бұл ретте әртүрлі калибрлі (ірі, орта, кіші) бронхтардың өткізгіштігі жазылады, олардың кедергілерінің деңгейі тіркеледі. Бронхтар кедергілерінің қайтымдылығы процессін диагностикалау және емдеу түрін іріктеу мақсатында бронх тестілеуі жасалады. Өкпенің түрлі аурулары кезіндегі өкпе тінінің ауа өткізгіштігіне жанама бағалау беріледі.
Дәрігер Молдахметова Кульназия Минкаевна.
Қабылдау сағат 14.00-ден - 16.00-ге дейін, дүйсенбі - жұма аралығында жүргізіледі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00 арқылы алдын-ала қабылдауға жазылу жүргізіледі.
Электромиография (ЭМГ) – нервтер мен бұлшық еттердің электрлік белсенділігінің әртүрлі түрлерінің сапалы-сандық талдауына және тіркеуге негізделген функционалдық жағдайды бағалаушы әдістемелер кешені.
Функционалды диагностика әдістері ретінде ЭМГ негізгі мақсаттары болып табылады:
1. Нерв-бұлшықет аппаратының зақымдалу деңгейін анықтау.
2. Зақымдану топикасын және процесстің жайылғандығын анықтау.
3. Зақымдау сипатын анықтау.
4. Патологиялық процесстің айқындылық деңгейін анықтау.
Функционалды диагностика кабинетінде электромиография жүргізу үшін Nihon Kohden фирмасының EMG MEB-9400K электромиографы қолданылады.
Дәрігерлер Сыздыкпаева Шайзат Молдашевна, Утеуова Сауле Абылаевна.
Зерттеулер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері +7 (7172) 62-11-00, +7 701 062 11 00 телефондары бойынша алдын ала қабылдауға жазылу жүргізіледі.