Орталықта: нейрохирург, невропатолог, физиотерапевт, офтальмолог, терапевт-кардиолог, уролог, отариноларинголог,  инерефлексотерапевт, психолог дәрігерлерге алдын ала жазылу арқылы консультация алуға мүмкіндік бар:

Сіз консультацияға сағат  8.00–ден 19.00–ге дейін, дүйсенбі-жұма күндері аралығында келесі телефондар арқылы жазыла аласыз: +7 (7172) 62-11-00

Консультациялық-диагностикалық бөлімше дәрігерлері және емшара кабинеті сағат 8.00-ден 16.20-ге дейін жұмыс істейді (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері).

Орталықта нейрохирург консультациясын алу үшін өзіңізбен бірге болуы қажет:

  • түсірілгеніне 2-3 айдан аспаған МТР сапалы түсірілімі (қуаттылығы 1,5 Теслден кем емес аппаратта жасалған болуы қажет);
  • бұрын пациентке қандай да бір емдеу шаралары жүргізілген болса, ауру тарихынан көшірмені бірге ала келуі керек;
  • жеке бастың куәлігі (төлқұжат).

Қажет болған жағдайда сіз емшара кабинетінің қызметтерін пайдалана аласыз. Емшара кабинетінде біз келесідей қызметтерді көрсетеміз:

  •  Препараттарды венаға сорғалатып құю
  •  Дәрілерді венаға тамшылатып құю
  •  Тері астына инъекция
  •  Препараттарды бұлшық етке енгізу
  •  Артериялық қысымды өлшеу
  •  Қан алу 
  •  Паравертебральды блокада

Көрсетілген барлық медициналық манипуляциялар біздің Орталық дәрігерлерінің, сонымен қатар басқа да клиникалардың мамандарының  тағайындаулары бойынша жасалады. Сіз емшара кабинетінде сізге қажетті манипуляцияларды жасау үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдауыңызға мүмкіндігіңіз бар. Сіз аталған процедураларды қабылдауға алдын ала жазылмай-ақ, сізге ыңғайлы уақытта қабылдай аласыз.