КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Ұлттық нейрохирургия орталығы - JCI  аккредитациясын алған (Joint Commission International, АҚШ)  Орталық Азиядағы көшбасшы клиникалардың бірі болып табылады,  нейрохирургия саласында емдеу-диагностикалық,  хирургиялық және қалпына келтіру қызметтерінің қазіргі заманғы толық кешенін ұсынады. Нақты диагностика, тиімді емдеудің дұрыс таңдалған әдістері, хирургиялық операцияларды кәсіби тұрғыда орындау, операциядан кейінгі күтім мен оңалтудың жоғарғы деңгейі пациенттерді емдеуде жетістіктерге қол жеткізуге әсерін тигізеді. Магнит-резонансты томограф сияқты бірегей медициналық құрал-жабдықты қолдану нақты диагностика жасауға, қуатты операциялық микроскопты, заманауи нейронавигациялық приборлар мен нейроэндоскоптарды, стереотаксиялық жүйелерді пайдалану нейрохирургиялық емді тиімді жүргізуге және мүмкін болатын асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Орталықта: 

  • Мидың, жұлынның және омыртқаның қатерлі және қатерсіз онкологиялық ісіктері; 
  • Мидың, жұлынның және омыртқаның туа біткен даму кемістіктері; 
  • Омыртқааралық диск, спондилолистез, омыртқа каналының тарылуы, жұлын тұрақсыздығы бар омыртқаның дегенеративтік аурулары; 
  • Орталық жүйке жүйесінің тамырлық аурулары, атап айтқанда аневризмалар және тамырлық мальформациялар, каротид-каверналы сағалық, ми тамырларының артерия-веналық фистулалары, бас және мойын тамырларының тарылуы, бітелуі; 
  • Функциялық бұзылыстар - Паркинсон ауруы, эссенциальды тремор, дистония, эпилепсия, бассүйек-ми нервтерінің невралгиясы,  гемифациальды түйілу, түйілу жағдайы және ауырсыну синдромдары бар ересектер мен балаларға білікті көмек ең жоғарғы деңгейде көрсетіледі.