Орталықта 17 жыл ішінде Халықаралық қатысумен келесі білім беру іс-шаралары өткізілді:


  • Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының I  және  II съезі (2009 және 2012 жж.);

  • Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының білім беру курстары (WFNS, 2011ж.);

  • Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының (EANS) білім беру курстары (2013 ж.);

  • Нейрохирургтардың Азиялық Х Конгресі (2014 ж.), Нейрохирургиялық мейіргерлердің ІІІ Азиялық конгресі (2014 ж.);

  • Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Ассоциациясының (EANS) білім беру курстары (2015 ж.); 

  • Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының III съезі (2015 ж.), «Қозғалыс бұзылыстары» III Халықаралық білім беру курстары (2015 ж.); 

  • Қазақстан Республикасы нейрохирургтарының IV конгресі және Халықаралық нейрохирургиялық форум (2018 ж.);

  • Еуразиялық қауымдастығының II Съезі және Балалар нейрохирургиясы бойынша халықаралық мектеп (2019 ж.). 

  • Халықаралық нейрохирургиялық форум және «Нейрохирургия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар» кинофестивалі өтті.(2022 ж.)

  • Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығына арналған Қазақстанның нейрохирургтарының V Конгресі. (2023 ж.)

  • Уолтер Дэнди нейрохирургиялық қауымдастығының (АҚШ) Х Дүниежүзілік конгресі өткізілді.(2025 ж.)