«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ашылғалы бері 11 ғылыми жоба орындалды, 12 патент алынды, жыл сайын Web of Science, Scopus беделді рецензияланған деректер базасына кіретін екі - үш әдістемелік ұсыным, монография, 10 - 14 мақала шығарылады, Қоғам қызметкерлері халықаралық конференцияларға үнемі қатысады.

      2024 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

     «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми орталығы» федералдық мемлекеттік автономды мекемесімен ғылым, білім және инновация саласында бірігіп белсенді қызмет жасайды, онымен 2019 жылы Стратегиялық серіктестік туралы шарт жасалды.