Онлайн консультация
Құрметті пациенттер!
Сізде электрондық пошта арқылы нейрохирург дәрігердің (тек ересек, балалар нейрохирургі онлайн жүргізбейді) онлайн консультациясын алуға мүмкіндік бар. Онлайн консультация тек амбулаторлық пациенттерге ғана беріледі.
Онлайн консультация алу үшін:
Қолда бар құжаттар пакетін (МРТ, КТ суреттері міндетті түрде) onlineneuro@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек және хаттың мәтінінде пациенттің аты-жөні, ЖСН, электрондық мекенжайы және байланыс телефоны көрсетілуі керек (менеджердің пациентпен кері байланысы үшін).
Онлайн консультация беру мерзімі:
Қорытынды-консультацияға ақы төленгеннен кейін пациенттің электрондық поштасына екі жұмыс күні ішінде сағат 08.00-ден -17.00-ге дейін жіберіледі.
Консультация алу үшін төлем шоты «Kaspi Bank» АҚ қосымшасы арқылы ұсынылады.
* Медициналық қорытындыны электрондық пошта арқылы жіберу, құжаттар демалыс және мереке күндері алынатынына қарамастан, тек жұмыс күндері ғана жүзеге асырылады.
Қандай мамандардан онлайн консультация алуға болады:
- Нейрохирург дәрігер (ересек)
ҚР-ның азаматтары мен қандастар, ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бағасы:
- Медицина ғылымдарының кандидаты, PhD онлайн-консультациясы - 12 000 тг.
- Дәрігердің онлайн-консультациясы -8 000 тг.
- Дәрігердің, МҒД, МҒК, PhD қайталама онлайн-консультациясы – 6 000 тг.
ҚР-ның аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бағасы:
-
Медицина ғылымдарының кандидаты, PhD онлайн-консультациясы - 13 200 тг.
-
Дәрігердің онлайн-консультациясы -8 800 тг.
-
Дәрігердің, МҒД, МҒК, PhD қайталама онлайн-консультациясы – 6 600 тг.
МРТ/КТ суреттерін жіберу ережелері туралы ақпарат:
Деректердің құпиялылығына және басқа медициналық ұйымдардың электрондық базаларына қолжетімділіктің болмауына байланысты КТ/МРТ суреттерін, өзге де медициналық құжаттарды жүктеу үшін Сіз жіберген сілтемелерді, зерттеу нәтижелерін Орталық қарамайды.
Дискіге КТ немесе МРТ суреттерін жіберген жағдайда Сізге:
- Барлық файлдарды дискіден компьютерге көшіру.
- Барлық диск файлдарын RAR немесе ZIP форматында мұрағаттау.
- Хатқа файлды немесе файлды жүктеу сілтемесін қосып, жоғарыдағы электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.
Пленкадағы КТ немесе МРТ суреттерін жіберген жағдайда Сізге:
- Ашық түстер аясында телефон камерасына немесе фотоаппаратқа суретке түсіру (пленканы терезеге қоюға болады).
- Барлық файлдарды бір папкаға сақтау (мүмкіндігінше jpeg форматында).
- Файлдарды немесе файл сілтемесін тіркеу және жоғарыдағы электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.
Онлайн консультация алу жөнінде бізбен қалай хабарласуға болады:
+ 7 (7172) 62-10-82 (ішкі 1238) Call-орталығы
+7 7018926807 WhatsApp